Депутат Ташқараев ҚК-нің 365-бабы туралы

26 мамырда өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ғани Ташқараев заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысатындар туралы айтып, соған қатысты дерек келтірді. Factcheck.kz депутат мәлімдемесін тексерді.

Депутат мәлімдемесі

Соңғы 5 жылда осы бап бойынша 80-ге жуық қылмыстық іс қозғалып, олардың 2-і ғана сотқа дейін жеткен [Қылмыстық Кодекстің 365 бабы – авт.].

Ғани Ташқараев

Үкім: Жалған

Депутат қандай дерекке сүйеніп сөйлегені, нені меңзегісі келгені бізге беймәлім. Алайда ҚР Бас прокуратурасының дерегіне сай, соңғы бес жылда қылмыстық кодекстің 365-бабы бойынша барлығы 17 іс тіркеліп, оның 11-і сотқа кеткен. Нақты сандарды төменнен қараңыз:

[infogram id=”c94987d5-ac85-4cdc-afc7-9ea6fdbcf810″ prefix=”AIA” format=”interactive” title=”Copy: Қазақстаннан шетелге кеткен маман саны”]

Қылмыстық кодекстің 365-бабында дара кәсіпкердің немесе ұйымдық-құқықтық нысанына, меншік нысанына қарамастан коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу, сол сияқты дара кәсіпкердің немесе коммерциялық ұйымның дербестігіне не қызметіне өзгедей түрде заңсыз араласқандарға қарсы шаралар қолдану қарастырылған.

Журналист-фактчекер, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өткен.

Factcheck.kz