Даниялық әйелді мигрантқа қарсылық көрсеткені үшін соттаған ба?

Тамыз айында бірқатар интернет портал Дания азаматшасын зорламақ болған мигрантқа бұрыш спрейін қолданып тойтарыс бергені үшін сотқа тартылып жатқаны туралы хабар тарады (бұл Еуропа елдерінің шетелдіктерге қатысты саясаты-мыс).

«Данияда 17 жасар дат әйелі зорламақ болған мигрантқа қарсы бұрыш спрейін қолданып, оның көз жанарына аздап зақым келтіргені үшін сотталмақшы…» деп 23 тамызда VK желісіндегі «ЕНОТЫ Новороссия Z» парақшасында жарық көрген «Еуроодақтың “Керемет” жаңалығы» атты мақаласында жазған.

«Данияда 17 жастағы даниялық әйел оны зорламақ болған мигрантқа бұрыш спрейін қолданғаны үшін сотталады. Ол мигранттың жыныстық қанағаттану құқығын өрескел бұзған. Ақымақтықтың шегі жоқ…» делінген 26 тамызда «Мир Михаила Онуфриенко» telegram-арнасындағы жазбада, бұл материал жарияланған кезде 300 мың қаралым жинаған.

Бұл жаңалықты бұқаралық ақпарат құралдары да жариялады. Мысалы, «Московский комсомолец» басылымы материалды «Данияның жас тұрғыны зорлаушыға қарсылық көрсеткені үшін сотталады» деген сөзбен бастап, тақырып астында ресейлік сенатор Алексей Пушковтың сөзін келтірген: «Даниялық әйелдерді жақын арада зорлыққа қарсылық көрсетпеуге міндеттейді»

«17 жастағы даниялық әйел оны зорламақ болған мигрантқа қарсы бұрыш спрейін қолданды. Алайда оның өзі қазір жазаға тартып жатыр», – делінген хабарламада.

Осы жарияланымдардың барлығында авторлар тікелей мәтінде немесе бастапқы мақаланың скриншотын орналастыру арқылы Daily Mail британдық басылымына сілтеме жасайды.

Factcheck.kz редакциясы сипатталған оқиғаның рас өтірігін және дат әйелінің шабуылдан кейін шынымен сотталып-сотталмағанын тексеруді жөн көрді.

Үкім: Манипуляция

Бұрыш спрейін шашып өзін қорғаған даниялық әйел өз елінде заңсыз өнімді пайдаланғаны үшін ғана айыппұл төледі. Жаза шабуылшының жарақатына, оның қандай да бір құқығының бұзылуына немесе қарсылық көрсету фактісіне ешқандай қатысы жоқ. Оның үстіне, сипатталған оқиға сегіз жыл бұрын болған; кейбір дереккөзде неге биыл ғана пайда болғаны белгісіз.

Алайда, тұтастай алғанда, бұл хабарлама Батыс елдеріндегі «ұғымды алмастыру» туралы танымал пропаганда әңгімесіне сәйкес келеді және, бәлкім, көптеген басқа да осыған ұқсас басылым сияқты, аудиторияда Еуропа туралы теріс пікір қалыптастыруды көздейді.

Даниялық әйелге болған оқиғаға келсек, ол БАҚ-та кеңінен жарияланып, бұрыш спрейін қолданып өзін-өзі қорғауға тыйым салу қызу пікірталас тудырды.

Daily Mail-де не жазылды

Daily Mail хабарлама шынымен жарияланған. Алайда 2016 жылғы 27 қаңтарда, яғни сегіз жыл бұрын жарияланған. Тақырып тарап жатқан скриншоттарда көрсетілгенге сәйкес келеді: «Мигранттық орталықтың жанында шабуылдаушымен күрескен кезде бұрыш спрейін қолданған 17 жасар даниялық қызға қару ұстағаны үшін жауапқа тартылатынын айтты».

Мәтіннен бізге белгілі болғандай: қыз босқындар орталығының маңындағы Сондерборг қаласында белгісіз біреудің шабуылынан аман қалды. Ер адам оны құлатып, шешіндірмек болған, бірақ жәбірленуші бұрыш спрейін қолданып, тойтарыс беріп үлгерген. Материалда былай деп жазылған.

Алайда, бұрыш спрейін қолдануға тыйым салынғандықтан, қызға айып тағылатын болады. Ол 500 крон (50 фунт стерлиң) көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін. Жергілікті полиция өкілі Кнуд Кирстен TV Syd-ке берген сұхбатында: “Бұрыш спрейін сақтау және пайдалану заңсыз, сол үшін оған айыппұл салынуы мүмкін”, – деді. Бойжеткенге шабуыл жасаған ер адам оқиға орнынан қашып кетіп, әлі жауапқа тартылмаған.

Daily Mail газетінен

Бұрыш спрейін қолданудың заңдылығына қатысты біршама толығырақ жаңалық сол күні, 27 қаңтарда Independent газетінде жарияланған.

Келесі күні шабуыл туралы хабарлаған 17 жастағы жасөспірім енді айыппұл төлеуі мүмкін, өйткені Данияда елдегі қару заңы бойынша бұрыш спрейін алып жүру заңсыз.

Independent материалынан

Осылайша, сот қызды Даниядағы мигранттарға деген ерекше көзқарасы үшін немесе шабуылдаушыны жарақаттағаны үшін емес, елде тыйым салынған құралды қолдануына байланысты айыптаған. Британдық БАҚ-та Данияда бұрыш спрейіне тыйым салынғаны туралы ақпараттың растығын тексеру үшін оқиғадан кейін жергілікті баспасөзде жазылғандарды оқуды жөн көрдік.

Мысалы, 2016 жылғы 28 қаңтарда даниялық Ekstra Bladet басылымында қыздың өзін-өзі қорғау кезінде спрейді пайдаланғаны үшін айыппұл төлейтіні туралы хабардан туындаған сын толқыны туралы мақала пайда болды.

2016 жылғы 30 қаңтарда оқиға туралы бірінші болып хабарлаған TV SYD уеб-сайты оқиғаның Ұлыбритания мен АҚШ-та, халықаралық басылымдарда пайда болғанын хабарлады.

Әйелге бұрыш спрейін сақтады деген айып тағылып-тағылмайтыны белгісіз. Қазіргі уақытта полицейлер бұл істі тергеуге кірісті.

TV Syd материалынан

Осылайша бірнеше күн өтсе де, бұрыш спрейі үшін айыппұлға қатысты жағдай әлі нақтыланған жоқ.

2016 жылғы 25 мамырда Данияның TV 2 телеарнасының сайтында Данияның халық партиясының өкілі Питер Кофодтың жазбасы жарияланды. Мәтіннен, біріншіден, автордың елде бұрыш спрейіне тыйым салуды ақымақтық деп санайтыны, екіншіден, Кофод төлем сомасы туралы ештеңе айтпаса да, қызға айыппұл салынғаны белгілі болды.

Өкінішке қарай, бұрыш спрейі иесіне салынған айыппұл мен сот шешімі туралы толық мәлімет таппадық. Бірақ біз Данияда талқыланған өзін-өзі қорғау түріне тыйым салу ұзақ уақыт бойы даулы болғанын білдік.

Араздық бұрышы

Мысалы, жергілікті Politiken басылымының сайтында 2003 жылы жарияланған мақалада Әділет министрі Дания халық партиясының бұрыш спрейін заңдастыру туралы өтінішін қабылдамағаны айтылған. Хабарламада былай жазылған: партия жетекшісі Пиа Кьерсгор 2002 жылы Копенһаген көшесінде әйелден қауіп төніп тұрғанын сезінген кезде спрейді суырып алғаны үшін айыппұл төлеген.

Бір қызығы, Данияда бұрыш спрейіне, БАҚ хабарламаларынан белгілі болғандай, уақытша рұқсат етілген. 2021 жылдан бастап бұрыннан таныс TV SYD телеарнасының материалында 2019 жылы Данияда бұрыш спрейін қолдану заңдастырылғаны туралы хабарланған. Алайда бұл материал оларға жаңа тыйым салуға арналған.

Алдағы екі ай ішінде сіз бұрыш спрейіңізді қайтарып, айыппұл салу қаупінен құтыла аласыз. Енді өз үйіңізде немесе қоғамдық орында арнайы рұқсатсыз бұрыш спрейін сатып алу, иемдену, алып жүру немесе пайдалану қайтадан заңсыз.

TV SYD материалынан

Бұрыш спрейін алып жүруге және пайдалануға уақытша рұқсат беру алдында қызу талқылаулар болды. Даниялық The Local басылымындағы мақалада 2018 жылы, яғни заңдастырудан бір жыл бұрын, қорғаныс спрейлерінің қарсыластарының дәлелдері туралы айтылды.

Биыл Данияның полиция одағы мен Қылмыстың алдын алу кеңесі бұрыш спрейін заңдастыруға қарсылық білдіріп, заңдастыру спрейдің дұрыс емес қолға түсу мүмкіндігін арттырады деп сендірді. “Жалпы, сіз біздің халықты қаруландыруды бастағаныңыз мені алаңдатады”, – деді биыл Қылмыстың алдын алу кеңесінің өкілі Хенрик Дам. Ол сондай-ақ үйге басып кіру кезінде қылмыскерлер үй иелерінен бұрыш спрейін алып, оларға қарсы қолдануы мүмкін деп алаңдайды.

The Local материалынан
Factcheck.kz