Айдың гравитациясы сейсмикалық жағдайға әсер ете ме?

Қоғамда және интернет кеңістігінде (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7) жер сілкінісі көбіне түнде болады деген пікір жиі айтылады. Көптеген қолданушы мен баспасөз құралы мұны Айдың ықпалымен байланыстырады.

Бірден айтарымыз, түнде жер сілкінісінің көп болатыны туралы теория — миф. Геологтар мен сейсмологтардың пікірінше, жер сілкінісі тәуліктің әртүрлі уақытында тура сол ықтималдықпен болуы мүмкін (1, 2, 3). Яғни, жер сілкінісі көбіне таңертең болады деген кең тараған пікір де қате.

Десе де, бізді Ай гравитациясының ықпалы туралы аргумент қызықтырды және оны толығырақ зерттеп, оның сейсмикалық жағдайға әсерін анықтап көруге тырыстық.

Үкім: Дәлелденбеген

Ғылыми әдебиетте Ай мен Күннің гравитациялық күшінен пайда болған теңіз және жер деңгейінің көтерілуінің жер сілкінісінің пайда болуына ықпалы және бұл құбылыстардың арасында корреляциясы туралы зерттеулер кездеседі. Алайда әзірге нақты байланыс анықталған жоқ. Бүгінгі таңда ғылыми әлемде бұл мәселеге қатысты нақты консенсус жоқ, бірақ ол белсенді зерттеліп жатыр және болашақта мұндай дәлел табылып қалуы мүмкін екенін де жоққа шығармаймыз. Алайда мәселе алғашқы себебі емес, ықпалы туралы болып отырғанын да айта кету керек.

Толығырақ

Ай мен Күннің гравитациялық тартылыс күші теңіздің көтерілуіне немесе тартылуына, жердің көтерілуіне алып келетіні белгілі.

Жердің қозғалуы — Ай мен Күннің гравитациялық күшінен пайда болған күштердің әсерімен Жердің деформациялануы (биіктік деңгейінің өзгеруі).

Ұлыбритания геологиялық қызметінің жазуынша, бұл деформацияның алдын алуға болады. Күштер қолданылмайтын кезде, объект (жер денесі) алғашқы формасына қайта оралады. Жер қозғалыстарының нәтижесінде пайда болған қысым тектоникалық плиталардың қозғалысына қарағанда аз.

Жер бетіне теңіздің көтерілуі де әсер етеді. Көктемгі ағын деп аталатын ең ірілері Жер, Күн мен Ай бір қатарға тізілгенде пайда болады, яғни, Ай толғанда, олардың гравитациялық күштері бірігеді.

Ай мен Күннің гравитациясынан пайда болатын теңіздің көтерілуі және жердің жоғарылауы сейсмикалық жағдайға әсер ете ме? Ұлыбритания геологиялық қызметтерінің дерегінше, жердің жоғарылуы мен жер сілкінісі арасындағы байланысты тапқан да, таппаған да зерттеулер бар.

АҚШ геологиялық қызметі де бұл туралы жазады. Бір мысал ретінде олар 2004 жылы Science журналында жарияланған зерттеуді мысалға келтіреді. Онда Ай толғанда жер мен теңіздік биік нүктелерінде континент шеттерінің және жерасты субдукция зоналарының өзгеру ықтималдығы бары, алайда оның өте төмен деңгейде екенін айтады.

Осы қызметтің дерегінше, Маммот-Лейкс секілді жанартау аймақтарындағы афтершоктардың жиілігі мен жер деңгейінің бір күндік көтерілу корреляциясы арасында аз да болса статистикалық көрсеткіш бары хабарланған.

Деңгейдің көтерілуі мен жер сілкінісінің пайда болуы немесе магнитудасы арасындағы байланыс туралы Earth and Planetary Science Letters (Metivier et al., 2009), Nature Geoscience (Ide et al., 2016), Nature Communications (Scholz et al., 2019), Geodesy and Geodynamics (Yan et al., 2023) журналдарындағы зерттеулерде бар.

Сарапшылар жер қыртысының жарылған жері қирауға жақын кезде болатын жер сілкіністеріне назар аударады: деңгейдің кішігірім болсын көтерілуі мұндай жағдайда арнасына толып тұрған судың шыққанындай болады.

Алайда, жер сілкіністерінің жер мен теңіз деңгейінің өзгерісіне ықпалы туралы дәлел жеткіліксіз. Мұны Geoscience and Society (Dryhurst et al., 2022) журналында жарияланған зерттеу анық көрсетеді: онда Жер саласындағы 164 сарапшының жер сілкініс фактілері мен фикциялары туралы пікірі берілген.

«Жер сілкінісі жер мен теңіз деңгейінің белгілі бір өзгерісінде болады» деген тұжырымға 1-7 балл аралығында жауап беруді сұрағанда, сарапшылардың бағалауы консенсустан алыс болып шыққан. Бұл жерде 1 — өтірік, 7 — шындық деген мәнді білдіреді. Әрі 1 және 2 деген баллды таңдаған сарапшылар 6 және 7 балл деген жауапты таңдағандардан екі есе көп болып шықты. Басқа жауаптармен салыстырсақ, сұрақтың жауабы анықталмады деген мамандар екінші орынға жайғасқан — 13,9% (22 адам).

журналист, фактчекер, выпускница Online Factcheck Academy 2020

Factcheck.kz