Алматыдағы балабақшалар мен мектептерде қызылша тарады ма?

Сәуірдің басында Алматыда WhatsApp мессенджеріндегі ата-аналар чатында қалада қызылшаның кең тарауына байланысты эпидемиологиялық шаралардың күшейгені туралы хабарламалар тарады. Онда Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің жарлығымен мәдени-бұқаралық шаралардың бәрі мамырдың соңына дейін онлайн режимде өтетіні жазылған.

Алматыдағы балабақшалар мен мектептерде қызылша тарады ма?

Factcheck.kz редакциясы хабарламаның рас-өтірігін тексерді.

Үкім: Шындыққа жақын

Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің жарлығы қаланың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды. Жарлықтың өзінің құрылымы аздап өзгеше екенін айта кету керек: 2.3 пунктте «бұқаралық шаралар онлайн форматқа ауысатыны, қызылша тіркелген жалпы білім беретін ұйымдардағы кабинеттік жүйенің болмайтыны» айтылған. Ал 2.4. пунктте «бір ғимаратта, мектепке дейінгі және жалпы білім беретін ұйымдарда оқу жылының соңына дейін және мектепке дейінгі оқу орындарында  2023 жылғы 30 мамырға дейін балалар мен қызметкерлердің жаппай жиналуын болдырмау» керек екені айтылған.

Эпидемиологиялық шектеулер Алматы балабақшалары мен мектептерінде қызылшаның тарауына байланысты қажет болды: 3 сәуірдегі жағдай бойынша қызылша жұқтырған 73 жағдай тіркелді, олардың көбі балалар мен оқушылар. Ауырып қалғандардың ішінде 38 бала 1-4 жаста, 15 – 5-9 жаста, жетеуі –10-14 жаста.

Қызылша несімен қауіпті?

Қызылша (measles) — маусымдық суық тию сияқты басталатын вирусты ауру: әлсіздік, дененің сырқырауы, температураның көтерілуі, тамақ ауруы, жөтел және қатты тұмау. Көбіне қызылша кезінде конъюнктивит болады. Орташа есеппен бес күннен соң дененің үстінен астыға қарай бөртпе шыға бастайды.

Алматыдағы балабақшалар мен мектептерде қызылша тарады ма?
Кішкентай баладағы қызылша бөртпесінің мысалы. Дереккөз: FxMed

Қызылша сырқаттанған адам жөтелгенде не түшкіргенде ауа мен тамшы арқылы жұғады. Қызылша тез жұғатынын және жылдам тарайтынын да айта кету керек — ауру адам он адаммен байланыста болса, вирус олардың тоғызына жұғады. Ауру адам 4  күн бойы симптом пайда болғанша және бөртпе шыққан соң 4 күн бойы вирус таратады. Әсіресе мектеп жасына дейінгі кішкентай балалар, иммун тапшылығы барлар мен иммунитетті басуға арналған препараттар қабылдайтын адамдар (мысалы, орган ауыстырған жағдайда) жылдам жұқтырады. ДДСҰ дерегінше, 2017 жылы әлемде қызылшадан 110 мың адам қайтыс болған, олардың көбі 5 жасқа дейінгі балалар. Қазақстанда қызылшаның жаппай тарауы 2019 және 2020 жылдары тіркелген.

Қызылшаға қарсы дәрі жоқ және ем симптомдарға қарсы шаралар мен қолдау терапиясынан тұрады. Қызылша —  вакцина арқылы алдын алуға болатын ауру. Қызылша, қызамық және паротитке (ҚҚП) қарсы кешенді вакцинаны балаларға 9-12 айында, содан кейін 6 жасында салады. Вакцинадан кейін иммунитет вирус жұқтырудан өмір бойы қорғайды. 1963  жылы қызылшаға қарсы вакцинаны енгізгенге дейін және екпе салу кең тарағанға дейін қызылшаның ірі эпидемиялары әр 2–3 жыл сайын болып, жыл сайын қызылшадан 2,6 миллион адам көз жұмып отырған.

Қызылшаға қарсы иммунитет ауырып шыққан соң да қалыптасады, бірақ вакцинадан кейінгі реакциялар ауырып шыққаннан кейінгі жағдайдан да қиын деп ойлаудың қажеті жоқ. Қызылша көздің көрмеуіне, энцефалитке және мидың ісуіне, құлақ пен көз инфекцияларына, сонымен қатар превмония сияқты тыныс алу жолдарының ауыр инфекцияларына алып келуі мүмкін. Сонымен қатар қызылша вирусы иммунды жүйеге қатты зақым келтіреді. Қызылшадан кейін иммунитетті толық қалпына келтіруге 3-4 жыл керек.

лингвистка, фактчекерка

Factcheck.kz