Алакөлдегі туристік базалардың саны 24-ке қысқарды ма?

13 маусым күні өткен туризмді дамыту жөнінде кеңесте президент Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласы бойынша Қазақстан 119 елдің ішінде 70-орында екені туралы дерек келтірді. Factcheck.kz президент келтірген осы және өзге де мәлімдемелерді тексеріп көрді.

Мәлімдеме: Дүниежүзілік экономикалық форумның бағалауы бойынша еліміз туризм саласындағы іскерлік ортаны дамыту деңгейі тұрғысынан 119 елдің ішінде 70-орында тұр. Бұл мақтанатын көрсеткіш емес. Демек, бұл салада бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасалмаған.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Манипуляция

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2024 жылдың 21 мамыр, яғни кейінгі дерегі бойынша Қазақстан 119 елдің ішінде 52-орынға жайғасқан. 2022 жылдың мамырында жарияланған 2021 жылдың рейтиңі бойынша Қазақстан 119 елдің ішінде 66-орында болған. 2011 жылдан бері 41 орынға көтерілген. Яғни, өсім бар (2011, 2013, 2015, 2017, 2019, 2021).

Мәлімдеме: Сол себепті туристер нөпірі артқанына қарамастан, курорттық аймақтардағы орын саны өспек тұрмақ, керісінше, азайып барады. Алакөл демалыс аймағының Жетісу облысы жағы мен Алматы тау кластері көш соңында келеді.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Жалған

Қазақстандағы курорттық аймақтардағы орналасу орны бойынша Алматы тау класстері бірінші, Жетісу облысына қарасты Алакөл демалыс орталығы төртінші орында.

Курорттық аймақтардағы орналасу орны бойынша ең аз көрсеткіш Байқоңыр мен Қостанай демалыс орталықтарына тиесілі. Сондай-ақ алғашқы бестікке Абай облысы Алакөл, Щучье-Бурабай, Бұқтырма демалыс орталықтары кіреді.

Мәлімдеме: Алакөлдегі қонақ үйлер, отельдер мен туристік базалардың саны 24-ке, ал Алматыда 16-ға қысқарған. Соның салдарынан бюджет тұрақты салық түсімінен, ал өңірлер жұмыс орындарынан қағылып отыр.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Техникалық қате

2023 жылы Алматы тау класстерінде орналастыру орындарының саны 487 болған. 1 жыл бұрын, 503 болып, саны 16-ға кеміген. Жетісу облысындағы Алакөл демалыс орталығында 2023 жылы 190 мекеме болса, 2022 жылы 214 болған. 24-ке азайған. Бұл дерек шындық. Бірақ, президент “қонақ үйлер, отельдер мен туристік базалардың саны азайған” деп дерек келтіреді. Алматы тау кластерінде қонақ үйлер, отельдер мен туристік базалардың саны 31-ге азайса, Алакөл демалыс орталығында 6-ға көбейген.

Туристік нысандарАлматы тау кластері 2023Алматы тау кластері 2022Алакөл демалыс аймағы 2023Алакөл демалыс аймағы 2022
Барлығы487503190214
Қонақ үй2923381913
Хостел4935
Туристік база2122
Басқалары144129169196
Дереккөз: stat.gov

Мәлімдеме: Мысалы, туризм саласындағы 17 серпінді инвестициялық жобаның ішінде тек екеуі ғана ірі жоба екені мәлім болды.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Техникалық қате

Kazakh Invest деректеріне сәйкес туризм және спорт министрлігі 2020 жылдан басталып, 2024 жылы аяқталатын 14 инвестициялық жоба әзірлеген. Оның екеуі ірі жоба. Біріншісі 14 600 млн теңгелік “Medeu Park Hotel” қонақ үйі болса, екіншісі 10 000 млн теңгелік “Parkside Living” апартамент отелі. Қалған 12 инвестициялық жобаларға 500 млн-нан басталып 2 700 млн-ға дейін ғана қаржы қарастырылған.

Сондай-ақ Kazakh Invest сайтында туризм саласындағы 16 инвестициялық ұсыныс бар екені жазылған. Олардың үшеуі ірі инвестициялық ұсыныс ретінде саналады. Үлкен Чебаче және Текекөл көлдерінде «Aqbura Resort» курорттық кешенін дамытуға – 279 235 мың доллар, Түрген – 37 тау шаңғысы курортының құрылысына – 98 133 мың доллар және Қасқасу шатқалында «Қасқасу» туристік-сауықтыру орталығының құрылысына 74 413 мың доллар инвестиция жасалады.

Factcheck.kz