Ташкентте адамға ұқсас қозы туылғаны рас па?

Желіде Ташкент қаласында «жүзі адамға ұқсас қозы туылғаны» туралы ақпарат тарады (1, 2, 3, 4). Видеода денесі шағын, түк басқан, бет жүзі адамға ұқсайтын әлдене бейнеленген. Желідегі деректе, бұл оқиға Өзбекстанның астанасы Ташкентте болғаны жазылған.

Ташкентте адамға ұқсас қозы туылғаны рас па?
Instagram желісінде тараған ақпараттың скриншоты

Factcheck.kz редакциясы видеоның қайда түсірілгенін анықтауды жөн деп тапты.

Үкім: Фейк

Видео Ташкентте емес, 2022 жылы Париждегі көрмеде түсірілген. Көрмеде Peybak атаулы ирандық суретшілердің «Біртүрлі эондар – біз сені сонда кездестіреміз» (Strange Aeons – We will meet you there) деген туындысы көрсетілген. Онда адам бейнесіне ұқсас жануарларды байқауға болады. Көрме Париж қаласындағы «Galerie Georges-Philippe & Nathalie Vallois» галериясында өткен.

Ташкентте адамға ұқсас қозы туылғаны рас па?
Сурет Galerie Georges-Philippe & Nathalie Vallois галериясының сайтынан алынды

Толығырақ

Көрмеден соң желіде инсталляцияның суреті әртүрлі тілде, түрлі мәтінмен тарап кетті. Мәселен, португал тілінде, араб тілінде, француз тілінде жарияланған. Париждегі көрмеден 3 жыл өткесін, қазақ тілді парақшаларда да видео жалған мәтінде тарай бастады. Ал қазақша мәтін қосылған бейненң өзі, шамасы, алғаш рет 2022 жылдың, 27 ақпанында X желісіндегі «Mariam» атаулы қолданушы жариялаған.

Видео X желісінен алынды

Көрме Париж қаласындағы «Galerie Georges-Philippe & Nathalie Vallois» галериясында 2022 жылдың 4 ақпаны мен наурыздың 19-ы арасында болған. Галерияның сайтындағы сипаттамада, Peybak атаулы ирандық суретшілердің туындысы екенін байқаймыз. Онда Peybak-тың төртінші көрмесі екені жазылған. Сайтта «біртүрлі эондар» деген тақырыпқа — орналасқан жері белгісіз, санадағы ойлар жоғалатын, денелер белгісіз күйде болып, бірақ статикалық жағдайда оянатын мекен деген түсіндірме береді. Көрменің өзге де суреттерін төменнен көре аласыз.

  • Ташкентте адамға ұқсас қозы туылғаны рас па?
  • Ташкентте адамға ұқсас қозы туылғаны рас па?
  • Ташкентте адамға ұқсас қозы туылғаны рас па?
  • Ташкентте адамға ұқсас қозы туылғаны рас па?

Журналист-фактчекер

Factcheck.kz