19 наурызда өткен сайлаудағы құқықбұзу видеоларына фактчек

19 наурызда өткен мәжіліс пен мәслихат сайлауында, тәуелсіз бақылаушылардың пікірінше, көптеген құқықбұзу тіркелген. Әлеуметтік желі қолданушылары мен БАҚ ереже бұзылғаны туралы хабарлап, бірден бірнеше бюллетеньді салып жатқаны бейнеленген видеоларды жариялады. Factcheck.kz редакциясы ең көп тараған видеоларды тексерді.

№1-видео

Әлеуметтік желілерде Солтүстік Қазақстан облысындағы сайлау учаскелерінің бірінде әйел адамның жәшікке бірден бірнеше бюллетеньді салып жатқан видеосы (12) тарады. Деректер бойынша, оқиға Благовещенка ауылындағы мектепте болған.

Үкім: Шындық

Видео шынында Благовещенка ауылында түсірілген. Мұндай оқиғаның болғанын Солтүстік Қазақстан облыстық өңірлік сайлау комиссиясының төрағасы Асқар Сақыпкереев растады. Оның сөзінше, Благовещенка ауылында 19 наурызда сегіз немесе он бюллетеньді заңсыз тастау оқиғасы болып, сол үшін комиссия мүшесі жұмыстан шеттетілген.

  №2-видео

Бұл видеода екі адам көптеген бюллетеньді сайлау жәшігіне асығып салып жатқанын көруге болады. Видеоның жазбасы бойынша оқиға Қарағанды облысындағы Ақтас ауылында болған.

Үкім: Шындық

Видео шынында Ақтас ауылында түсірілген. Ролик авторы Сарань қаласы мәслихатының депутаттығына үміткерлердің бірі – Жандос Сәдуақасов.

Кейінірек ол жәшікке бюллетеньдерді тастап жатқан адамдардың бірі Гүлназиф Разағұлова екенін айтты. Ашық дереккөздер бойынша, Разағұлова Сарань қаласындағы №13-ОМ химия және биология пәні мұғалімі және сол мектептің директоры екенін анықтадық.

Сондай-ақ Сәдуақасов үйіне «келісуге» келген Сарань қаласы әкімінің орынбасары Еркін Бауылықов пен Ақтас ауылының әкімі Бауыржан Ақановпен сөйлескенін видеоға түсіріп алған.

№3-видео

Біз тексеретін үшінші видеода әйел пальтосының ішіндегі бірнеше бюллетеньді түсіріп алады. Видеоның жазбасында мұның Талдықорған қаласында, №19-мектептегі сайлау учаскесінде болғаны жазылған.

Үкім: Шындық

Видеода бәрі анық көрінгендіктен (қабырғаның, еденнің түсі, сары плитка, оюы бар қызыл кілем мен қабырғадағы тақта) оны №19-мектептің Instagram-дағы ресми парақшасындағы @19_omg_tdk суреттермен салыстырып, ақпарат рас деген қорытындыға келдік.

Видеода не болып жатқанын нақты айту қиын. Бюллетеньдерді есептеу де болуы мүмкін. Ол бюллетеньдерді жай ғана стөлге апара жатыр деген де болжам жасауға болады. Бір жағынан, бюллетеньдер қолдан емес, сырт киімнің ішінен түсіп кеткені түсініксіз.

Контекст

Материал дайындалып жатқан сәтте Орталық сайлау комиссиясы тәртіпбұзушылық туралы ақпарат пен бюллетеньдерді тастау туралы видеоны тексеру жасағансу үшін Бас прокуратураға жүгінгені белгілі. Материал жарияланған сәтте Бас прокуратура тарапынан ешқандай қорытынды шығарылмады.

Factcheck.kz