«Қазақстанда банан өсіріле бастайды»: елді шулатқан жаңалықты талдаймыз

Жуырда қазнетте «банан дүрлікпесі» болды: ондаған жаңалық порталында (1, 2, 3, 4, 5) Қазақстанда банан өсіріле бастайтыны не өсіріліп жатқаны туралы хабарламалар пайда болды. Содан кейін жаңалық ресейлік баспасөз құралдарына да жетті (1, 2, 3, 4). Factcheck.kz редакциясына банан туралы жаңалық қызық көрінді және біз кликбейт тақырыптардың артында не жатқанын анықтап көруге тырыстық.

Біз тек кликбейт туралы айтамыз, себебі Қазақстанда банан өсірілетіні я болмаса өсіріліп жатқаны туралы хабарламалар бірнеше жыл бойы жарияланып келеді.

  • 2014 жыл — tengrinews.kz Өскеменнен 20 шақырым жердегі жылыжайлар туралы хабарлады. Жергілікті зейнеткерлер отбасы мандарин, банан мен кофе өсіре бастаған. БАҚ хабарлауынша, жылыжай кешені шамамен 1 000 шаршы метрге жеткен және ондағы жұмыс жыл бойы жалғасқан. zakon.kz Әбіш Байтеновтің Ақмола облысында жерасты жылыжаларын салу ойы бар екенін де айтқан.
  • 2015 жыл — inbusiness.kz Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлерге жабық топырақта лимон өсіру әдісі туралы шеберлік сыныбы өткізілгенін хабарлады. Жаңалықта «Даян» цитрусты шаруашылығы тәжірибе ретінде банан ағаштарын отырғызғаны да айтылған.
  • 2019 жыл — Астана ботаникалық бағында банан ағашы отырғызылғанына бірнеше ай болған соң алғашқы жемісін берді.
  • 2020 жылы Түркістан облысында жергілікті фермер Халима Сейіткерімова банан көшеттерін отырғызған соң тоғыз жылдан кейін алғашқы экзотикалық жемісін алған. Сейіткерімованың жылыжайында жалпы 40 ағаш бар.
  • 2021 жыл — Абай облысында да банан өскен.
  • 2022 жылы Петропавлдың Ботаникалық бағында жергілікті патшалық банандар алуға мүмкіндік пайда болған.

Көріп отырғанымыздай, жергілікті аграрийлер тропикалық жемісті бұрыннан «қолға үйретуге» тырысып жатыр, алайда ешкім көп тонна жеміс ала алған жоқ. Жылуды сүйетін жеміске жергілікті климат жақпаса керек.

БАҚ айтып жатқан кейінгі жаңалықтың қандай ерекшелігі бар? Биыл қазақстандықтарға өндірістің «өнеркәсіптік масштабы» уәде етілген (1, 2, 3, 4). ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, GenGroup Qazaqstan түрік компаниясы Түркістан облысында 5,3 га жылыжай кешенін салған. Онда банан өсіріледі және жылына 100 тонна өнім алу күтіліп отыр.  

Бір қызығы, 2020 жылы Түркістан облысында банан егілетіні хабарланған және фермерлер климат үшін экзотикалық жеміс алу қиынға соғатынын айтқан.

Бірақ АШМ баспасөз хабарламасында жаңа сорт Қазақстан климатын ескеріп алынғаны, сондықтан 6-8 айдан соң қазақстандықтар алғашқы жергілікті бананды көре алатыны айтылған. Жобаның алғашқы сатыдағы құны – 4 млн АҚШ доллары.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz