Аудан әкімдігі газеттегі тапсырыс материалдарына 8 млн теңге жұмсаған

Factcheck.kz редакциясы қазақстандық мемлекеттік органдардың БАҚ-тағы өз имиджін арттыру үшін ондаған, тіпті жүздеген миллион теңгені жұмсайтыны туралы бірнеше рет жазды. Бұл жолы мемлекеттік сатып алу порталында Ұлытау облысы әкімдігінің дәл осындай тендері көзге шалынды. Осы тендер негізінде Қазақстан аймақтарында мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың қалай жұмыс істейтінін айтайық.

8 млн теңге және президент жолдауының орындалуы

11 қазанда Ұлытау ауданының ішкі саясат бөлімі БАҚ-та мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру бойынша қызметтерді сатып алуға тендер жариялады. Ол үшін 8 129 464 теңге бөлінген.

Техникалық сипаттамаға сәйкес, тендердің мақсаты — Ұлытау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мәдени өмірі туралы ақпарат тарату деп көрсетілген. Дегенмен, іс жүзінде талаптар негізінен жергілікті мемлекеттік органдар мен биліктің, әсіресе президенттің имиджін көтеруге бағытталған.

Жеткізуші президенттің жыл сайынғы жолдауын, мемлекеттік бағдарламалар мен реформалар туралы ақпаратты жариялауға міндетті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және экстремизммен күрес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту секілді жергілікті атқарушы органдардың жетістіктерін көрсетуге де назар аударылады.

Техникалық талаптар өте нақты белгіленген: газет апта сайын, сегіз беттен кем емес, А3 форматында, офсеттік баспадан шығуы, таралымы кемінде 1000 болуы тиіс, және бүкіл ауданға таратылуы қажет. Әрбір нөмір әкімдікпен келісіліп, ақпараттық қателер мен бұрмалауларға жол бермеуі шарт. Сонымен қатар жеткізуші газет шығатын күні бір данасын әкімдікке жіберіп тұруы керек. Сондай-ақ газет мазмұны БАҚ-тың интернет-сайтында қатар шығуы тиіс.

Осы талаптарды оқып отырғанда тендер нақты бір басылымға арналған сияқты ой қалдырады. Себебі мұндай талаптарға сай келетін газет көп емес. Топшалауымызша, расында солай.

Ulytau газеті

Бұл тендерде «Ұлытау» газетінің редакциясы жеңімпаз атанды. 21 қазанда Ұлытау облысының ішкі саясат басқармасы редакциямен 7 999 999 теңгеге келісім-шартқа отырған, бірақ төлем әлі жасалған жоқ. Келісімшарт жыл соңына дейін жарамды. Бүгінде тендерді жеңіп алған Ulytau газетінің барлық материалы ресми сайтқа қатар шығады.

Сайтта аймақтың жаңалықтары, мәдени өмірі және тарихы жайлы бірнеше бөлім бар, ең ауқымдысы — «ресми» бөлім, мұнда президент, үкімет, парламент, облыс әкімдігі мен аймақ басшылығының қызметі туралы ақпарат қамтылған.

Газетті PDF форматында оқуға арналған бөлім дұрыс жұмыс істемейді.

Төменгі оң жақ бұрыштағы сайт статистикасына сүйенсек, 12 қараша күні түске дейін ресурс 36 қаралым, 26 сайтқа өту және 26 адам тіркелген, бұл көрсеткіштер күнделікті жаңартылатын сияқты.

Редакция баспа басылымын шығаруды бірінші орынға қоятын шығар, ал сайт олар үшін соншалықты маңызды емес деп топшалауға болар еді. Дегенмен, интернет-БАҚ дамыған заманда бұл қарама-қайшы көрінеді, әсіресе тендерде барлық материалдың газеттің онлайн ресурсына міндетті түрде шығуы нақты көрсетілгенін ескеруіміз керек.

Сайттың әлеуметтік желідегі YouTube және Facebook парақшаларында көрілім аз екені байқалады, контенті де күмәнді. YouTube арнасында 77 жазылушы бар, ең танымал үш бейне – 11 мың, бір мың және 480 қаралым жинаған. Олар 2021 жылы жарияланған, пікірлер аз. Facebook парақшасы 1 200 жазылушысы болса да, белсенділік төмен; посттар сирек шығады, қалған видеолар 10-80 қаралым жинайды.

Газеттің Facebook парақшасында 1 200 жазылушы бар, бірақ олардың көпшілігі белсенді емес сияқты. Посттар әдетте 10-нан аз лайк жинайды және іс жүзінде ешқандай түсіндірме болмайды. Олар сирек шығады, есептік жазба айлар бойы жаңармауы мүмкін. Сайт материалдарынан басқа посттардан мыналарды көре аласыздар: қазының суреті мен туған күнімен құттықтау, қазақ өнерпаздарының бейнероликтері, өлеңдері және т.б.

Жыл сайынғы қолдау

Қызығы, газет жыл сайын осы тендерді жеңіп алады, ал келісім сомалары бұрынғы жылдарда әлдеқайда көп болған. Мемлекеттік сатыпалым порталындағы деректерге сәйкес, «Ұлытау аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ Ulytau газетімен 2016 жылдан бері конкурссыз, тікелей келісімдер жасап келеді.

Ең ірі келісім 2021 жылы — 36 137 000 теңгеге жасалған, одан кейін 2020 жылы 33 813 000 теңге және 2019 жылы 27 502 800 теңге тұр. Әділдік үшін 2022-2023 жылдары келісімдер жасалмағанын айта кеткен жөн, ол кезде Ішкі саясат бөлімі ондай тендер өткізбеген.

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz