Umytpa.kz: Коронавирустан қайтыс болғандарды есепке алатын тәуелсіз ресурс

Қазақстанның жеті тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралы коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды есепке алатын тәуелсіз ресурсты іске қосты. Umytpa.kz ресурсын дайындауға Factcheck.kz, Vласть, Азаттық радиосы, The Village Kazakhstan, Орталық Азиядағы Медиазона, За нами уже выехали, Тіл кеспек жоқ редакциялары қатысқан.

…Осы кезде ресми статистиканың мемлекетте болып жатқан шынайы жағдайға сай келмейтіні белгілі болды. Көктемде Денсаулық сақтау министрлігі “COVID-19 инфекциясынан қаза болғандар” және “вирус жұқтырғандар, бірақ басқа аурудан қайтыс болғандар” деп өлім дерегін екіге бөліп есептей бастады. Маусымда көп адам пневмониядан өлді.

Денсаулық сақтау органдарының айтуынша, пневмониямен ауырғандардың коронавирусқа тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен. Бірақ ауруға шалдыққандарға тестінің жасалмағаны жиі хабарланып жүрді. Жерлеу рәсімін тежемеу үшін қайтыс болғандарға да тест жасауды тоқтаттық. Ендеше COVID-19 инфекциясынан болған шынайы өлім дерегі қандай? Бұл тақырыпта сұрақ көп.

7 тәуелсіз БАҚ-тың біріккен мәлімдемесінен

Мемлекет ұсынып отырған ресми деректер мен қоғам белсенділері қолындағы деректердің айырмашылығы – бүгіннің өзінде айтарлықтай. Белсенділер бұл әрекеттері арқылы коронавирустан қайтыс болған адамдар туралы нақты ақпарат жинап, оларды қоғам назарына ұсынуды мақсат етеді.

Қайтыс болғандар туралы келіп түскен деректер бірнеше верификациядан өтіп, керек болған жағдайда арнайы құжатты жинақтағаннан кейін ғана жарияланады. Ресурсқа кез-келген азамат коронавирстан немесе пневмониядан қайтыс болған жақыны туралы деректі ұсына алады.

Естеріңізге сала кетейік, 13 шілде президент Қ. Тоқаевтың жарлығы бойынша “коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу жалпыұлттық аза тұту күні” деп жарияланған еді.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz