The Washington Post басшылығына алғаш рет әйел тағайындалды

Журналист Салли Базби The Washington Post газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Базби — 143 жыл тарихы бар редакцияны басқаратын алғашқы әйел. Бұл туралы The Washington Post сайты хабарлады.

Салли Базби 55 жаста. 2017 жылы Associated Press агенттігінің атқарушы редакторы болған. Ал журналистикадағы карьерасын 1988 жылы бастады. Ол өткен аптада Джефф Безоспен сұхбаттасқан бірнеше кандидаттың қатарында болған.

Редакция бұл лауазымға ұсынылған тізімде басқа кім болғанын хабарламады. Базби жұмысын маусым айында бастайды. Бұған дейін редакцияны Мартин Барон басқарған еді. Ол ақпан айында зейнетке шықты.

Контекст

  • Бұған дейін редакцияны басқарған Мартин Барон америкалық журналистер арасында ең құрметті редакторлардың бірі болған. Сонымен қатар, сөз бостандығы үшін күресімен есте қалды.
  • 2013 жылы Amazon басшысы Джефф Безос Washington Post газетін 250 миллион долларға сатып алған.
  • Уотергейт оқиғасымен әлемге танылған The Washington Post АҚШ-тағы ең ықпалды газеттердің бірі болып саналды. Наурыз айында The Washington Post сайтын шамамен 88 млн адам оқыған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz