Жетісайда Қытайдан келген жаңа вирус тіркелгені рас па?

Соңғы уақытта WhatsApp мессенджерінде вирусқа қатысты әртүрлі фото, видео, аудиожазба тарап жатыр. Солардың бірі «Жетісай ауруханасында Қытайдан келген вирустың жаңа түрі тіркелді» – деген жазба. Толығырақ төменнен оқи аласыздар.

Аудиожазбаның мазмұны: «Жетісай поликлиникасында Қытайдан келген жаңа вирус тіркелді. Яғни, тері ауруы сияқты болып басталады екен, кейін беті іріңдей бастайды. Бірден дененің барлығына тарап кетеді. Тіркелген науқас пляжға шомылуға барған. Содан пайда болыпты. Менің естіген ақпаратым пляжға, бассейнге шомылуға мүлдем бармаңыздар. Қазірше ешкіммен контакт болмаңыздар. Бұл коронавирустан да ауыр болайын деп тұр. Құдай ешкімнің басына салмасын. Сұмдық. Бүгін өзіміз көзімізбен көрдік. Инфекционист врачымыз көріп, медсестрасымен бірге карантинге жабылды».

Үкім: Жалған

ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті де, ДСМ-нің ресми өкілі Б. Қожахметов та аталмыш ақпаратты жоққа шығарды.

Әлеуметтік желілерде Жетісай ауруханасында келген вирустың жаңа түрі тіркелгені туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Т. Сұлтанғазиев, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті
ответ-фактчек0827111711-1

Ескерту! Әлеуметтік желі, мессенджерлерде тараған тексерілмеген бейресми ақпаратқа сенуге болмайтынын естеріңізге саламыз.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz