Жартылай шындық | AAP және CDC 2 жасқа дейінгі балаларға маска тағуға тыйым салады

UPD: Factcheck.kz бұл материалға қатысты үкімді өзгертті. Дәрігер Дмитрий Киреевтің айтуынша, Америкалық педиатрлар қауымдастығы (AAP) және АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы (CDC) 2 жасқа дейінгі балаларға маска тағуға толықтай тыйым салған. Бірақ CDC пен AAP 2 жасқа дейінгі балдардың маска тағуға тыйым салуы туралы емес, 2 жастағы балдарға маска тақпауды тек ұсыныс ретінде айтқан. Оқырмандарымыздан материал жарияланған соң үкімін және қорытындысын өзгерткеніміз үшін кешірім сұраймыз.

Қазақстандық педиатр Дмитрий Киреев инстаграм парақшасында Америкалық педиатрлар қауымдастығы (AAP) және АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы (CDC) 2 жасқа дейінгі балаларға, дұрыс тыныс ала алмай, өз бетінше бетпердені шеше алмайтындарға маска тағуға тыйым салғаны туралы жазды. Factcheck.kz екі ұйымға байланысты айтылған ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Америкалық педиатрлар қауымдастығы мен АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы 2 жасқа дейінгі балаларға, дұрыс тыныс ала алмай (демікпе де болуы мүмкін), өз бетінше бетпердені шеше алмайтындарға масканы тағуға тыйым салады.

Дмитрий Киреев

Үкім: Жартылай шындық

CDC-тің ресми сайтында екі жасқа дейінгі балаларға бетперде тағу құпталмайтыны туралы жазылған.

Жартылай шындық | AAP және CDC 2 жасқа дейінгі балаларға маска тағуға тыйым салады
Скриншот CDC сайтынан алынды

Кімдерге маска тағу құпталмайды:

  • 2 жасқа дейінгі балаларға
  • дұрыс тыныс алмайтындарға
  • ес-түссіз қалған жағдайда
  • басқалардың көмегінсіз масканы шеше алмаған жағдайда

Доктор Киреев айтқан екінші ұйым —Америкалық педиатрлар қауымдастығы (AAP American Academy of Pediatrics — бұл жердегі академия сөзі “орталық”, “бірлестік” мағынасында қолданылады). Бұл қауымдастық ресми сайтында маскаға қатысты CDC-ге ұқсас ұсыныс жасады.

Жартылай шындық | AAP және CDC 2 жасқа дейінгі балаларға маска тағуға тыйым салады
скриншот healthychildren.org сайтынан алынды

Балалар бетіне матадан жасалған қорғаныс бұйымын тағу керек пе?

2 жасқа дейінгі балалар бетіне матадан жасалған қорғаныс бұйымын тағуға болмайды.

healthychildren.org сайтынан үзінді

Ресми сайтта “бетке тағатын мата қорғанысы” деп медициналық және қолдан жасалған бетперде айтылған

Бұйрықтың өзгеруі

Еске сала кетейік, 31 шілдеде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің кейбір мәселесі туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізіп, бес жасқа дейінгі балаларға бетперде тақпауға рұқсат берді. Бұйрық 1 тамыздан бастап күшіне енді.

  • Бұйрықтың 10 тармағының 7 тармақшасына сәйкес, қоғамдық орындарда және ғимарат ішінде және қоғамдық көлікте бес жасқа дейінгі балалардан басқасы бетперде тағуы тиіс. Қоғамдық тамақтану орнында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып тамақтану кезінде бетперде тағу міндетті емес.
  • Дәл сол тармақтың 9 тармақшасына сәйкес, ашық аспан астындағы қоғамдық орындарында бетперде тағу шарт. Бұл талаптан бес жасқа дейінгі балалар мен әлеуметтік қашықтықты ұстана отырып жеке өзі не бес адамнан аспайтын топта спорттық жаттығулар жасайтын адамдар босатылған.

Қорытынды

Америкалық педиатр қауымдастығы (AAP) және АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы (CDC) 2 жасқа дейінгі балаларға бетперде тағуды құпталмағанын хабарлады. Бұл жағдайда Киреевтің “тыйым салды” деп жазуы сұрақ тудыруы мүмкін. Себебі дәрігердің жариялаған жазбасында нақты ақпарат айтылмаған. Ағылшынша жазылған түпнұсқада should етістіктің мағынасы “тыйым салу емес”, “ұсыныс” ретінде өзгереді. Дәрігердің “тыйым салу” деген жазбасын жалған немесе манипуляция деп айта алмаймыз. Себебі, бұл сөздің астарында не жатқаны белгісіз.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz