Уақыт белдеуінің дұрыс болмауы рак пен суицидке әкеле ме?

2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні Қазақстан біріңғай сағат белдеуіне ауысатыны туралы қаулы қабылданған. Қаулыға сәйкес 12 облыста сағат тілі өзгереді.  Онкологиялық аурулардың көбеюі, суицид санының артуы, биологиялық десинхроноздық өзгерістер қазіргі сағаттық белдеулермен  байланысты дейді ғалымдар. Уақыт белдеуінің дұрыс болмауы қатерлі ісікке, суицидке алып келе ме? Factchek.kz тексеріп көрді.

Мәлімдеме: Біріншіден — денсаулық мәселелері. Суицид, онкология аурулары. Әлемнің бірнеше ғалымдары осыны талқыладық.

Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі

Үкім: шындық

NCBI-дің дерегіне сәйкес тәуліктік сағаттың бұзылуы онкологиялық ауруларға, соның ішінде ракка әкеледі. Тәуліктік сағат (циркадные часы) – адамның биохимиялық, физиологиялық және мінез-құлық өзгерісінің күнделікті ырғағын реттеуші функцияны атқарады. Тәуліктік ырғақтардың бұзылуы онкологиялық аурулардың, оның ішінде рактың қозуына себеп болады. Энергия балансы мен жасушалық циклдің өзгеруіне әкеледі. Хроматиннің қайта құрылуының реттелуін бұзады.

Толығырақ: Тәуліктік сағат жүйесі адамның ішкі органдары мен клеткаларының құрылымын сақтап тұрады. Сағаттық өзгерістер физиологиялық әлсіздікке, депрессияға әкеледі. Депрессиядағы адамдарда көңіл-күй болмайды, өмірге қызығушылығы төмен, энергиясы аз болады.  Органзимде когнитивтік және нейровегетативті өзгерістер орын алады. (мысалы: ұйқышылдық, тәбет болмауы және т.б) Бұл белгілердің көпшілігі қарапайым болып көрінгенімен, жағдай депрессияның ауыр деңгейіне жеткенде, аурудың көп түріне, психологиялық мүгедектік пен суицидке алып келеді.

АҚШ-тың ауруларды бақылау және олардың алдын алу орталығының дерегіне сүйенсек, көзіміз жарықты алғаш көрген күннен бастап күнделікті сағаттың ырғақтары біздің күнімізге қатты әсер етеді. Жарық ми бөліктерін қозғайды және оның нәтижесінде біздің денемізді сергек, белсенді болуға әкеледі. Тәуліктік ырғақтардың бұзылуы қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетін биологиялық жүйелерге зиян келтіруі мүмкін.

Мәлімдеме: Елорда уақыты табиғи күн уақытына сәйкес келмейді. Бұның салдары биологиялық ритмдар бұзылып, адамдардың денсаулығына кері әсер етеді. Біздің сағатымыз күннің ең жоғарғы тұрған мезгілімен, 12-міз сәйкес болса, адамның ішкі биологиялық ырғақтары өзімен-өзі сәйкестікте жүреді және табиғаттың ырғағымен сәйкестікте жұмыс істейді, яғни адам сау, ұзақ өмір сүреді. Ауруларға, вирустарға төтеп беретін қабілеті болады. Егер синхрондық бұзылса, онда ол десинхроноз, биологиялық ритмдардың бұзылуы деген сөз, яғни ауру деген сөз.

Болат Нұрхожаев, Қолданбалы хронобиология маманы

Үкім: Шындық

Біріншіден қазіргі Астана уақыты, расымен табиғи күн уақытына сәйкес келмейді. Картада көрсетілгендей қазақстанның оңтүстік, солтүстік, шығыс және орталық өңірлері +5 сағаттық белдеуде орналасқан. Бірақ, қазіргі күні +6 сағаттық белдеудің уақытымен өмір сүреді. Екіншіден табиғи күн мен тәуліктік сағаттың сәйкес келмеуі десинхроноздық өзгеріске алып келетіні де шындық. 

Уақыт белдеуінің дұрыс болмауы рак пен суицидке әкеле ме?

Толығырақ

  • Табиғи ырғақ (ритм) – күн қозғалысының уақыт белдеулеріне пропорциясы. Биологиялық процестер мен табиғи құбылыстардың мезгіл-мезгілімен қайталанатын әрекеті.
  • Биологиялық ырғақ (ритм) – өмірлік процестердің (тамақ ішу, ұйықтау, демалу) тұрақты, мерзімді қайталануы.
  • Десинхроноз әртүрлі әрекеттер нәтижесінде организмнің биологиялық ырғағының бұзылуы.

Жаңа жұмыс режиміне ауысқанда, сағат белдеуі басқа өңірге саяхаттағанда, ұйқы режимі мен тамақ уақыты әр күнде әр түрлі болғанда және т.б жағдайлардың нәтижесінде биологиялық ырғақ бұзылып десинхроноздық өзгеріске алып келеді. Физиологиялық әлсіздікке және мінез-құлықтың бұзылыстарына себеп болады. Ауруларға, соның ішінде эпилепсияға, метаболикалық ауруларға және қатерлі ісіктерге әкеледі.

БҚО мен Атырау облысының жартысы +3 сағаттық белдеуде, ал Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай облыстары +4 сағаттық белдеуде орналасқан. Бірақ +5 уақытымен өмір сүреді. Сондай-ақ, Абай облысының кішкене бөлігімен ШҚО +6 сағаттық белдеуде орналасқан. Егер адамдардың денсаулығына байланысты сағаттық белдеуді өзгерту себеп болса, осы өңірлердегі тұрғындарының да пікірлері мен денсаулық жағдайларын ескеру керек. 

Factcheck.kz