Pfizer вакцинасын салдырған 6 адам қайтыс болды | Рас па?

Жақында қазақстандық және ресейлік бірқатар БАҚ-та «Pfizer вакцинасының сынағына қатысқан 6 адам қайтыс болды» деген ақпарат тарады. Ақпарат көздері АҚШ-тың Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектер сапасын санитариялық қадағалау басқармасы (FDA) дайындаған есепке сілмете жасаған.

Pfizer вакцинасын салдырған 6 адам қайтыс болды | Рас па?
Скриншот: Liter.kz

БАҚ-тың хабарлауынша қайтыс болғандардың екеуі вакцина, ал қалған төртеуі плацебо қабылдаған. Екпе алған бірінші адам атеросклероз және семіздікпен ауырған, ол вакцинация салдырғаннан кейін 3 күннен соң қайтыс болған. Екпе жасатқан екінші ерікті вакцинаны екі рет алған, оның екінші вакцинациядан 62 күн өткен соң жүрегі тоқтап, 3 күннің ішінде қайтыс болған. Екі науқас та жасы 55-тен асқан адамдар еді.

Плацебо қабылдаған топтағы екі науқас инфаркт пен инсульттан көз жұмса, тағы екі адамның неден қайтыс болғаны әлі анықталып жатыр. Бұл топтағы үш адамдың жасы 55-тен асқан еді.

Кейбір БАҚ өз тақырыптарын тым әсірелеп, «адамдар вакцинадан қайтыс болды» деп жазып жіберген.

Биыл Қазақстанда вакцинация мәселесі қаншалықты даулы болғанын ескерсек, мұндай тақырыптар халық арасында үрей тудырары анық. Осыған орай Factcheck.kz сайты бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтап, жалпы жағдайдың қалай екенін тексеруге бел буды.

Үкім: Кликбейт және Манипуляция

Шынында да Pfizer және BioNTech компаниялары әзірлеген вакциналардың сынағы кезінде 6 адам қайтыс болған. Алайда, біріншіден, FDA «екпе алған екі адам вакцинадан қайтыс болды» деп жазбаған. Керісінше, олар ұсынған есепте барлық өлімнің салдары осы жаста кездесетін жалпы оқиғаларға мен жиілікке тән екені нақты айтылған.

Екіншіден, жоғарыда айтылғандай, 4 адам плацебо, яғни бос зат қабылдаған. Бұл адамдар вакцинадан қайтыс болды деп жазу – ақпаратты бұрмалау. БАҚ-қа шыққан кейбір мақалалар қандайда болсын мәліметтерді нақтылауға және егжей-тегжейлі түсіндіруге тырысқан, десек те барлығының тақырыбы манипулятивті, сондықтан оқырмандарын шатастырады. Назарларыңызға кликбейттің мысалын ұсынамыз.

Бұл жерде айта кететін жайт, вакцина сынағына барлығы 43 448 ерікті қатысқан.

Нақты түсіндіріп көрейік

FDA қайтыс болғандар туралы не дейді:

Сынаққа қатысқан 43 448 қатысушының 6-ы (2 вакцина, 4 плацебо), яғни 0,01% 2020 жылғы 29 сәуір (сынаққа қатысқан бірінші адамның алғашқы екпесі) мен 2020 жылғы 14 қараша (сынақ аяқталған күн) аралығында қайтыс болды. Вакцина қабылдаған екі адамның жасы 55-тен асқан; біреуінің №2 вакцинациядан 62 күн өткен соң жүрегі тоқтап, 3 күн ішінде қайтыс болды, ал екінші адам №1 вакцинациядан 3 күн өткен соң атеросклероздан көз жұмды. Плацебо қабылдағандар миокард инфарктісінен (n = 1), геморрагиялық инсульттан (n = 1) және белгісіз себептерден (n = 2) қайтыс болды; төрт өлімнің үшеуі жасы үлкен топта тіркелді (55 жастан асқан адамдар). Барлық өлім – осы жас тобында, осындай жиілікте, жалпы популяцияда кездесетін оқиғалар.

Есепке алынған кезеңдегі өлімдердің арасында ешқандай себеп-салдар байланысы жоқ.

VRBPAC-12.10.20-Meeting-Briefing-Document-FDA

Контекст

  • Қараша айында Pfizer және BioNTech компаниялары өздерінің вакцинасының тиімділігі 90%-дан асатынын хабарлады. Сәл кейінірек, яғни зерттеудің 3-ші кезеңіндегі мәліметтер дайын болған кезде, екі компания тиімділік пайызын 95%-ға дейін көтерді.
  • ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесустің айтуынша, COVID-19-ды жеңу үшін тек вакцинация жасату жеткіліксіз, сондықтан басқа шараларды да қолдануды жалғастыру қажет.
  • Ұлыбританиядағы жаппай вакцинация бағдарламасы аясында Pfizer компаниясының вакцинасын алған алғашқы адам – 90 жастағы Маргарет Кинан.

Бұл материал Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің COVID-19 туралы жалған ақпаратпен күрес жобасы аясында жарияланды.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz