Қытайдан вирус жұққан маскалар әкелінді ме?

Кейінгі кезде WhatsApp мессенджері арқылы Қытайдан гуманитарлық көмек ретінде келген тауарлардың сапасына күмән тудыратын хабар тарап жатыр. Аудиода Қытайдан әкеліп, сатылып жатқан медициналық маскаларда вирус бары, Шымкент, Түркістан аймақтарының халқы содан көп қайтыс боп жатқаны айтылады. Біз мұны тексеріп көрдік.

Бұған дейін бірнеше рет Қытай Халық Республикасынан гуманитарлық көмек келген еді. “Alibaba” мен “Джек Ма” қоры да екі рет көмек жіберді. Қытайдан соңғы гуманитарлық қолдау жүгі 4 шілде де келген. Бұл хабарлама сол жағдайдан соң тараса керек.

Үкім: Жалған және арандату

ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігінің (ДСМ) тауар сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын комитеті бұл хабарламаны жоққа шығарды. Олардың жазуынша шет елден келген кез келген медициналық тауарлар мен дәрілер қатаң түрдегі бақылаудан өтіп, талаптарға сай болуы тексеріледі. Қазір ақпарат таратушының жеке басын анықтау үшін бұл мәселемен Ішкі істер министрлігі айналысып жатыр.

Келген маскалар Түркістан мен Шымкент дәріханаларына жіберілді. Сол үшін де қазір сол жерде өлім-жітім саны көп.

Тарап жатқан ақпарат

Үкім: Жалған

ДСМ-ның 7-12 шілде аралығындағы қайтыс болған адамдар статистикасына қарасақ мұның да жалған екенін көреміз. Яғни бұл уақыт аралығында Түркістан облысында жеті, Шымкетн қаласында бес адам бақилық болған. Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда көш бастап тұр деу қате. Қайтыс болғандар Қарағанды облысында (37), Алматы қаласында (24) және Нұр-Сұлтанда (18) жиі тіркелген.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz