Коронавирусқа қарсы вакцинация ерлердің бедеулігіне әкеле ме?

Фактчекерлер коронавирусқа қарсы вакциналардың әйелдердің жыныс мүшесінің ұрықтану қабілетіне әсері туралы мифпен бұрыннан айналысады. Ал менссенджерлер жаңа фейк шығарудан жалықпайды. Қазан айының басында қазақстандықтар коронавирус жұқтырған немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияланған ер адамдар көбею қабілетінен айырылып жатыр деген хабарламаның астында қалды. Stopfake.kz ресурсы қазірдің өзінде фейктің бір бөлігін жоққа шығарды – біз оның мәліметтерін талдап береміз.

Коронавирусқа қарсы вакцинация ерлердің бедеулігіне әкеле ме?
Фейк скриншоты

Хабарлама туралы

Белетченко Анна Александровна (тіпті телефон нөмірі бар) деген дәрігердің, иммунолог-аллергологтың атынан таратылған хабарламада оның әріптесі – гинеколог, уролог, эндокринолог, гомеопат және Алтын-дәрігер Ирина Петровна Прокушева басқа дәрігерлермен бірге 9 қазанда денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен кездесуді жоспарлап отыр – «Олар міндетті вакцинацияны тоқтату туралы мәселені көтереді…». Прокушеваның бақылаулары коронавирус, коронавирусқа қарсы вакциналар мен ерлер бедеулігі арасындағы байланысты «көрсетіпті».

Stopfake.kz ресурсы кездесу туралы ақпаратты жоққа шығарып, мРНҚ вакциналары репродуктивтілікке әсер етпейтіні туралы ақпарат берді. Хабарлама таратты деп болжанған дәрігер Анна Белетченкоға келетін болсақ, желіде оның дәрігер ретіндегі ақпарат өте аз. Біз Vse.kz форумынан 2018 жылғы қазан айында шыққан шағын пікірді ғана таптық. Сонымен қатар, Анна Александровнаның есімі ББҚ (БАД) таратуға байланысты жерде аталады. Ал Ирина Прокушева ол туралы ақпарат көбірек, пациенттердің пікірі бір-біріне қарама-қайшы. Оның да аты ББҚ-ға байланысты жерде аталады. Ол дәстүрлі емес емдеу әдістерін, гомеопатияны және био қоспаларды ашық және белсенді түрде насихаттайды. Вакцинацияға қарсы насихат пен гомеопатиядан ақша табу туралы біздің мақаламызды оқыңыз. Ол екеуінің де таралған хабарламаға қатысы жоқ.

Ескерту: Жоғарыда келтірілген мысалда фейк авторлары, басқалармен қатар, 40 жасқа дейінгі әйелдерге «ковид пен вакцинация стерилдеуге әкелетінін» дәлелдеу үшін АМГ анализін тапсыруды ұсынады. Коронавирусқа қарсы вакцинацияның әйелдердің ұрықтылығына әсері туралы әңгіме бірнеше рет талданғандықтан, қайталап жатпайық. АМГ талдауына келсек, онда бұл шынымен әйелдің овариальді резервін көрсетеді. Бұл – белгілі факт. Антимюллер гормонын әйел фолликулалары шығарады. Жас және дені сау адамдардың көрсеткіші жоғары. АМГ жас келген сайын, ал жастарда аналық бездің қоры таусылғанда төмендейді. Бұл жағдайда аналық бездің қоры туғанға дейін салынады, оның мөлшері генетикалық түрде анықталады. Ол өмір бойына бір рет беріледі! – Осы сөйлемге қарап, COVID-19 жұқтырып ауырған немесе вакцинацияланған әйелдерге АМГ талдауын өткізу туралы ұсыныс сандырақ болып көрінеді. Өйткені вакцинация да, ауру да әр әйелдегі жұмыртқа санына әсер ете алмайды. Бұл туралы гомеопатиктер де білетін сияқты. Енді коронавирус пен вакцинация жағдайында ерлердің ұрықтылығы қалай болатынын қарастырайық.

Пікір: Вакцинация ерлердің бедеулігіне әкеледі

WhatsAPP/Telegram-да таралған хабарлама

Үкім: Жалған

Биылғы ақпанда ДДСҰ-ның иммундау және вакциналар департаменті директоры Кит О’Брайен жалпы вакциналар туралы, ұсынылған препараттар бедеулікке әкелмейтінін, бұл бұған дейін де түрлі вакцинаға қатысты таралған қауесет екенін айтты. Сонымен қатар, негізінен бедеулікке әкелетін вакцина жоқ. Бұл туралы ДДСҰ ғылыми директоры Сумья Сваминатан толығырақ айтты:

Вакцина бекітілген вакцина ретінде тізімге енсе, бұл ол туралы ақпарат мыңдаған адам қатысатын бақыланатын рандомизацияланған клиникалық зерттеулер негізінде алынғанын білдіреді. Вакцина салынғаннан кейін күтпеген жанама әсерлерді анықтау және одан да көп адамда тиімділігін әрі қарай бағалау үшін мұқият бақылау жалғасады. COVID-19-ға қарсы вакциналар бедеулікке әкелетіні туралы ешқандай дәлел жоқ. Лицензияланған вакциналардың бір де бірі бедеулікке әкелмейді. Вакциналар тек құрамында COVID-19 вирусы бар ақуызға қарсы иммун жауабын береді. Бұл вакциналар репродуктивті функцияға кедергі келтіретін механизм жоқ.

Вакциналардың ер адам күшіне әсері туралы толығырақ

Спутник V

Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық медициналық эндокринология ғылыми орталығы» федералды мемлекеттік бюджет мекемесінің сайтында (ЭҰО) осы вакцинаның жалпы тестостерон мен ерлердің эякуляциясы сапасы деңгейіне әсерін зерттеу нәтижесі туралы хабарлама жарияланды. Медицина деректері 2021 жылдың наурызынан маусымына дейін ЭҰО андрология және урология бөлімінде екі рет жиналды. Вакцинацияға дейін және кейін. Зерттеуге дене салмағының индексі 21,5-тен 24,5 кг/м2 дейінгі 28-36 жас аралығындағы 60 ер адам қатысты. 30 ер адамда нормозооспермия болды (эякуляцияның барлық негізгі параметрі қалыпты шектерде) және қалған 30 ер адамда – патозооспермия (эякуляцияның нормадан ауытқуы байқалады).

Тестостеронның жалпы деңгейі динамикасын және вакцинациядан бұрын және кейін ер адам эякуляциясы сапасын бағалау кезінде статистикалық маңызды айырмашылықтар табылмады, – делінген есепте. Зерттеу нәтижелерінің толық нұсқасы «Репродукция мәселелері» ғылыми медицина журналында жарияланды.

Айтпақшы, Гамалея атындағы ресейлік эпидемиология және микробиология орталығының директоры Александр Гунцбург те «Спутник V» бедеулікке себеп бола алмайтынын мәлімдеген еді. Вакцинаның екі компоненті де адам популяциясында бұрыннан пайда болған 26 ​​және 5-аденовирус негізінде жасалған және оларды адамдар «жедел респираторлық инфекциялар түрінде ондаған рет жұқтырған».

Pfizer/BioNtech

Бұл вакцина Қазақстанға жақын арада жеткізіледі, сондықтан тақырып аясында және осы вакцина бойынша барлық қолда бар ақпаратты ұсынамыз.

Америкалық репродуктив медицина қоғамының сайтында әдетте препараттың клиникалық сынақтарынан ерлердің ұрықтылығын бақылау туралы есептер берілген: ерлердің шамамен 16%-інің 2-ші дозадан кейін дене қызуы көтерілген.

Дене қызуының көтерілуі сперматозоидтар өндірісінің уақытша төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осылайша, егер ер адамның COVID-19-ға қарсы вакцинация нәтижесінде дене қызуы көтерілсе, онда ол сперматозоидтар өндірісі уақытша төмендеуіне ұшырауы мүмкін. Дегенмен COVID-19 жұқтырса да немесе басқа да себептерден осыған ұқсас құбылыс пайда болады.

МРНҚ вакциналарын қолданғаннан кейін сперматозоид параметрлерін зерттеуге арналған жеке зерттеу бар. Оған 45 дені сау ер адам қатысты. Авторлардың айтуынша, сперматозоид параметрлерін зерттеу кезінде мРНҚ вакцинасының 2 дозасына дейін және одан кейін (21 адам Pfizer/BioNtech, 24-і Moderna алды), ешқандай көрсеткіштің айтарлықтай төмендеуі байқалмады. Сонымен қатар, сперматозоидтың шоғырлануы мен қозғалуының орташа көрсеткіші шамалы өскен. Ғалымдар бұл зерттеуге арналған материалдың екінші іріктеуіне дейін жыныстық қатынасқа түспеу кезеңінің ұлғаюына байланысты болуы мүмкін екенін айтады.

Сонымен қатар, есеп зерттеудің белгілі бір шектеулері бар екенін көрсетеді, мысалы: қатысушылардың аз екені, бақылау тобының болмауы және тағы басқа. Сонымен қатар, сперма талдауы ерлер ұрықтылығын бағалаудың негізі болса да, бұл – оның әлеуетінің жетілмеген болжаушысы да. Оған қоса, зерттеу мерзімі сперматозоидтардың толық өмірлік циклін қамтиды, – делінген есепте.

Осы тақырыпқа ұқсас нәтиже көрсеткен басқа да жұмыстар бар.

Hayat-Vax, CoronaVac, QazVac

Барлық үш препарат – инактивацияланған вакциналар. Өкінішке қарай, біз олардың ер адам ұрықтылығына әсері туралы жоғары мамандандырылған зерттеулерді таппадық. Каир университетінде Sinopharm препаратының әсері туралы зерттеулер (Қазақстанда Hayat-Vax деп аталады) әлі аяқталмаған сияқты… Нәтижелер әлі жарияланған жоқ. Дегенмен, назар аударатын нәрсе мынау: CoronaVac пен Hayat-Vax ДДСҰ мақұлдаған және біз жоғарыда жазғанымыздай, ұйымның ресми өкілдері кез келген лицензияланған вакцинаның ешқайсы бедеулікке әкелмейтінін айтты (еркек те, әйел де).

Мәлімдеме: COVID-19 ерлер бедеулігіне әкеледі (Фейк хабарлама авторлары инфекция жұқтырған және вакцина салғызған ер адамдардың сперматозоиды болмайтынын айтты)

WhatsAPP/Telegram-да таралған хабарлама

Үкім: Манипуляция

Қолда бар зерттеулерде COVID-19 ерлердің бедеулігіне әкелетіні айтылмайды (сонымен қатар, науқастардың сперматозоиды жоқ болып кетпейді). Дегенмен коронавирустың, тіпті орташа дәрежеде болсын, ерлердің ұрықтылық әлеуетін анықтайтын параметрлерге айтарлықтай әсері расталады. Алайда зерттеулердің бір де біреуі бедеулік мәселесін негізгі ретінде көтермеді – тек биохимиялық көрсеткіштер зерттелді.

Препринттердің бірінде тестикулалар (аталық без) өкпе, қан тамырлары, жүрек, бүйрек және асқазан-ішек жолдарымен бірге ACE2 ақуыз ферментінің жоғары деңгейіне ие екені жазылған, бұл вирустың жасушаға «кіруін» қамтамасыз етеді. Осылайша, COVID-19 репродуктивті функцияға әсер етуі мүмкін. (Бұл тақырып бойынша басқа да препринттер бар).

Негізінен, коронавирус аталық безге жұғуы мүмкін деген зерттеу бар. Зерттеушілер COVID-19-дан қайтыс болған алты ер адам мен тірі қалған бір науқастың тінінің үлгісін жинады. Талдау бір қайтыс болған науқастың репродуктивті органдарында және тірі қалған ер адамда SARS-CoV-2 болғанын көрсетті. Жұмыс талдаулары зерттеу барысында бұл марқұмдардың жартысында ACE2 деңгейіне байланысты сперматогенез бұзылғаны айтылады.

Кейбір алдын ала зерттеу COVID-19, кем дегенде, ұрықтану гормондарына уақытша әсер етуі мүмкін екенін көрсетеді. Мысалы, Гамбург реанимациясына жатқызылған ерлердің шамамен 70%-інде тестостеронның клиникалық деңгейі төмен болған. Бұл препринттерде гормон теңгерімсіздігі COVID-19 әсерінен туындайды деп нақты айтпайды – ол инфекцияға дейін болған болуы мүмкін. Аурудың ауыр ағымына теңгерімсіздік те себеп болуы мүмкін.

Препринтте Дюссельдорф зерттеушілері COVID-19-дың жеңіл ағымы ұрық пен аталық без қосалқысы күйіне әсер етуі екіталай екенін, ал қалыпты ағымнан кейін сперматозоидтар параметрінің нашарлауы байқалатынын айтты.

Израильдіктер COVID-19 орташа симптомдары бар науқастар диагноз қойылғаннан кейін 30 күн ішінде сперматозоид концентрациясы мен олардың қозғалуы 50%-ке төмендегенін айтады.

Ескерту: Барлық айтылған факт ғылыми препринттерде көрсетілген. Демек, жұмыстарға әлі рецензия берілмеген, тақырыптар әрі қарай зерттелуі қажет – тереңірек зерттеліп, сынақтан өтушілер көп болуы керек. Ал қорытындылар клиникалық тәжірибеде нұсқаулық ретінде пайдаланылмауы керек.

Алайда дәрігерлер болашақта коронавирус жұқтырған балаларда бала туу проблемалары болуы мүмкін екенін мойындайды.

Қорытынды

  • Негізгі қорытынды мынау: COVID-19 жұқтырудың оған қарсы екпе  салдырудан айырмасы сол – ол шынымен де ер адамның ұрықтылығына әсер етуі мүмкін.
  • Вакцинация еркек бедеулігіне ӘКЕЛМЕЙТІНІН дәлелдейтін бірқатар зерттеу бар.
  • Сонымен қатар, аурудың ер адам ұрықтылығын анықтайтын параметрлерге әсері туралы, мысалы, гормондардың өндірілуі, сперматозоид көлемі, сперматозоид концентрациясы мен олардың қозғалуына қатысты зерттеулер бар.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz