Қазақстанда коронавирусқа арналған мемлекеттік сайт пайда болды

Қазақстанда коронавирус туралы ақпараттандыратын сайт пайда болды. Бұл туралы бүгін фейсбукте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады. Ол “кейбір сәттерде” қоғаммен байланыстың жеткіліксіз екенін және азаматтарға коронавирус туралы шынайы ақпарат берудің маңызын атап өтті.

«Түрлі ақпарат құралдары, әсіресе мессенджерлер арқылы жалған ақпараттың таралуы көптеген қиындықтар туындатуда. Осы орайда,  www.coronavirus2020.kz сайтының іске қосылғанын хабарлаймын.Бұл ресурста төтенше жағдай бойынша, карантин кезіндегі тәртіп пен мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары жөнінде, сондай-ақ, желіде тараған жалған мәліметтерді теріске шығару және т.б. барлық өзекті ақпараттар жинақталады…»— деп хабарлады Абаев.

Оның айтуынша сайтта аурудың алдын алу, белгілері, аурудың алғашқы белгілері байқалғанда жасау керек әрекеттердің ережелері жарияланған және бұл мәліметтер азаматтар пайдаланып, тарату үшін инфографика, нұсқаулықтар түрінде берілген. Сонымен қатар азаматтар үшін сұрақ-жауап айдары болады.

Factcheck.kz