Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы рекордтық көрсеткішке жетті ме?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған отырыста бірқатар салалы мәселелерге тоқталды. Оның ішінде еліміздегі өмір сүру жасының ұзақтығы жайында сөз қозғады. Президенттің айтуынша, азаматтардың орташа өмір сүру жасы 74,4 жасқа жеткен, әрі бұл ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Аталған деректі Factcheck.kz тексеріп көрді.

Мәлімдеме: Азаматтардың орташа жасы 74,4 жасқа жетті. Бұл – ел тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Қасым-Жомарт Тоқаев, президент

Үкім: Шындық

Дүниежүзілік банктың дерегіне сай, расымен де 2022 жылы өмір сүру жасының ұзақтығы 77,44 жас болған, әрі бұл көрсеткіш 1991-2022 жыл аралығындағы ең жоғарғы деңгей. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі де хабарлады. Бұған дейінгі жоғарғы көрсеткіш, 73,18 жас, 2019 жылы болған. Ал ең төменгі көрсеткіш, 63,5 жас, 1995 жылы болды. Жалпы алғанда өмір сүру жасының ұзақтығы қарқынды жоғарылады деуге келмейді, оны төмендегі инфограмнан көре аласыздар.

Әлем бойынша 2021 жылы өмір сүру жасының ұзақтығы ең жоғарғы ел Макао мен Гонконг, екеуі де 85 жас. Одан кейін 84 жас – Жапония, Оңтүстік Корея, Лихтенштейн және Швейцария азаматтарына тиесілі. Жалпы әлемдегі болып жатқан соғыстар мен ауруларға қарамастан өмір сүру жасының ұзақтығы артып келеді дейді БҰҰ сарапшылары.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz