Ит пен борсық майы коронавирустан емдей ме?

Желіде өкпе ауруына қарсы борсық пен иттің майы, ит етінен жасалған корей сорпасы туралы фейктер тарап жатыр. Бұны да тексерейік…

Пікір: «Ит пен борсықтың майы коронавируспен күресуге көмектеседі»

Үкім: Жалған

Ит пен борсық майының иммунтүрлендіруші және/немесе кез келген өкпе және респираторлық ауруларға қарсы арнайы емдік қасиеті жоқ. Вирустық және бактериялық пневмония, туберкулез бен басқа ауруларға да көмектеспейді. Олардың майын жағу да пайдасыз. Бұл жерде тек қасапшылар мен сатушылар ғана пайдаға кенеледі.

Мұндай өнімдерді дайындаушылар, ереже бойынша, оларға жалған сипаттама береді. Мысалы:

Адам ағзасында жеңіл сіңірілетін, бактерицидтік, иммунтүрлендіруші және жалпы әлдендіргіш қасиеті бар иттің майы бронхтардың, өкпе мен жоғары тыныс алу жолдарының функционалдық жағдайына оң әсер етеді.

Немесе:

Ағзаның инфекциялық ауру қоздырғыштарының әсеріне төзімділігін арттырады (борсық майы туралы).

Этика тұрғысынан мұндай материалдарға сілтеме жасамаймыз. Ал фото төменде.

Ит пен борсық майы коронавирустан емдей ме?

Ит пен борсық майы коронавирустан емдей ме?

Майдың аты – Май

Барлық майдың химиялық құрамы бірдей – күрделі глицерин эфирі мен жоғары бірнегізді карбон қышқылдарынан тұрады.

Ит пен борсық майы коронавирустан емдей ме?

Сол себепті азық-түлік саласында ветеринария-санитариялық сараптама өте маңызды. Ниеті арам өндірушілер май мен союға арналған жануар еті деп, союға арналмаған жануарлардыкін де сатуы мүмкін. Оларға мысық, ит, борсық және тағы басқа аңдар да жатады. Сәйкестендіру тақырыбына арналған диссертациямен танысып көруді ұсынамыз.

Қысқаша айтқанда, қай түрге жататынын әртүрлі жолмен, соның ішінде еріту арқылы анықтауға болады. Еріту температурасы өнімнің құрамына кіретін май қышқылының қасиеттеріне байланысты. Қаныққан май қышқылының саны мен тізбек ұзындығы ұлғайған сайын артады. Табиғатта борсық (25-32 С) пен ит ( 22-27 С) майына қарағанда одан да төмен температурада еріп кететін жануар майлары бар. Бірақ, біз оларды атамаймыз.

Ит пен борсық майын адам ағзасы, мәселен, қойдың майына қарағанда жақсырақ сіңіреді. Себебі, температура төмен болған сайын сіңіру де жеңіл болмақ. Бұл жануарлардың майының бар «артықшылығы» да осында болып тұр. Оған қоса сүйек пен шошқа майының да көрсеткіштері осыған ұқсас.

Айтпақшы, ит пен борсық майының еру температурасының төмен болуын (адамның дене температурасынан төмен) сатушылар маркетинг тәсілі ретінде пайдаланады: сайттарда солтүстік халықтарының тәжірибесі туралы жиі айтылады, олар қыста денелеріне осы майды жағып, жылыныпты-мыс.

Сіңімділігі мен пайдасына келер болсақ, ДДСҰ жануарлардың қаныққан майларын пайдалануды 10%-ға дейін шектеуді ұсынады. ДДСҰ пандемия кезінде ұсынған өнімдерде де сондай заттар болғандықтан борсық пен ит майын қолданудың қажеті жоқ.

Медицина қызметкерлеріне келер болсақ, олардың пікірі бір. 2014 жылы Алматы облыстық туберкулезге қарсы диспансер дәрігері сол кезде тұрғындар арасында тараған суық тию, тұмау, тіпті туберкулезді де иттің майымен емдеу туралы пікірге оны пайдалану (борсықтың майын да) уландыратын гепатитті туындататынын және туберкулезге қарсы мүлдем көмектеспейтінін мәлімдеген.

Ветеринария инспекциясы биологиялық қауіпсіздік бөлімінің жетекшісі Серік Сембаев сол кезде иттер (борсықтар да – авт.) … сойылатын жануарға жатпайтынын және өнімді қоғамдық тамақтану және басқа да орындарда пайдалануға тыйым салынатынын атап айтты.

Яғни, оның коронавирусқа және асқынған түрі – пневмонияға қарсы тиімділігі туралы айтудың да қажеті жоқ.

2013 жылы Ресей интернет кеңістігінде сауда орындары мен дәріханаларда ит майын сату белең алған кезде РМҒА Тағамтану ҒЗИ бас маманы, профессор Константин Эллер «Москва 24» арнасына берген сұхбатында иттің майы ешқандай емдік қасиетке ие емес (!) екенін зертханалық зерттеулер көрсеткенін хабарлады. Бұл басқалар сияқты қарапайым май.

Жалпы коронавируспен күресте қойдың майының мүлдем пайдасы жоқ екенін жазған болатынбыз. Сонымен қатар иттің майынан дәрі-дәрмек жасап жатқанда немесе сорпаны ішкен кезде эхинококкозды жұқтыру алу қаупі бар.

Жоғары санатты дәрігер-пульманолог, медицина ғылымдарының докторы Наталья Латыпова иттің майы мен бульбулятор арқылы Кыст әл Хинди буымен тыныстауға (төменнен оқыңыз – авт.) қатысты Tengrinews-ке берген сұхбатында былай деп мәлімдеді: «Бізде бұл халықтық ем-домның тиімділігі туралы дәлел жоқ, себебі өнімді тұтыну қаншалықты пайдалы екенін ешкім зерттеген жоқ».

«Ит немесе борсық майының өкпе ауруларына оң әсері болатынын дәлелдейтін бірде-бір ғылыми дерек жоқ. Науқастар үнемі осы сұрақты қояды, біз үнемі дәлел жоқ екенін айтамыз.  Бұл өкпе ауруына еш әсері жоқ халықтық тәсіл», деп мәлімдеді м.ғ.к., пандемияға дейін профессор Войно-Ясенецкий атындағы №2 КрасММУ терапия кафедрасының қызметкері Марина Мамаева.

Мәселенің төркініне назар салсақ: мұндай ем-дом рацион аз, медицина мүлдем дамымаған, туберкулезге, пневмония, бронхит пен басқа да ауруларға қарсы клиникалық тұрғыда дәлелденген дәрі-дәрмек жоқ кезде пайдаланылған. Біздің заманымызда ит пен борсық майын пайдалану, кешіріңіздер, жабайылық.

Оқырмандар тағы да бір рет коронавирустан емдеу хаттамасына назар аударса екен.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz