Фейк | Медициналық маскалардан құрттар (нанобөлшектер) табылды

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде белгісіз бір әйелдің (видеодан оның тек дауысы естіліп, қолы көрінеді) «медициналық масканың бетінде кішкентай қара құрттар қозғалып жүр» деген видеосы тарап жатыр. Сөзі дәлелді болу үшін ол масканы ыстық су құйылған стақанның үстіне қойып, телефонмен видеоға түсіре бастайды. Біраз уақыттан кейін «құрттар» көрінеді.

Үкім: Фейк

Видеоға түскен заттың бәрі рас, алайда «құрттар» туралы мәлімдеме қате, себебі мұны түсірген әйел физиканың кейбір заңдылықтарын білмейтін сияқты. Ал шындығында, камераға ыстық судан шыққан будың әсерінен (немесе түсіріп тұрған әйелдің демінен) масканың жеңіл мата талшықтары (мысалы жүннен жасалған жерлері) «қозғалып жатқаны» түсіп қалған. Stopfake.kz сайты атап өткендей, бұл сол зауытта өндірілген басқа өнімдердің түсі басқа синтетика материалдарының бөлшектері де болуы мүмкін. «Маскадағы құрттар» туралы бұл видеоларды мұрын-жұтқыншақ арқылы «адам миына кіріп, оған қатты зиян келтіретін» бөлшектерге қатысты қастандық теориясының өзгертілген нұсқасы деуге болады.

Мұндай видеолар басқа тілдерде және өзге елдерде де жаппай тарап жатыр.

Фейк пен жалған ақпарат әлемінде «құрттарға» дейін нанобөлшектер туралы мәлімделер тараған еді. Ондай бөлшектердің алғашқы «тасымалдаушысы» ретінде стерильді мақта таяқшасы аталды. Айта кетейік, ондай таяқшалар бүкіл әлемде коронавирусты анықтауға арналған ПТР-талдау аясында мұрын және/немесе тамақтан жағынды алу үшін қолданылады. Мәселен сондай «видео дәлел» желіде 2021 жылғы қаңтар айының басында пайда болды (қазір ол видео Facebook-те жалған ақпарат ретінде белгіленіп тұр).

Снимок волокон сухого тампона, который женщина ложно утверждает, что они разумны и «борются друг с другом».
ПТР-ге қатысты видеоның скриншоты

Видео авторы пинцеттің көмегімен таяқшадан нанобөлшектер деп аталатын бірдеңені алады да, «олар тірі, менің денемнен шыққанға ұқсайды және Моргеллондар жіптері сияқты» деп мәлімдейді. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі фактчекерлер (France 24, Reuters, Full Fact, AP News) бұл дәлелденбеген теорияны бірнеше рет жоққа шығарды. Біз солардың негізгі дәлелдерін келтіре кетейік.

Бұл нанобөлшектер емес

Нанобөлшек дегеніміз – бұл шекті мөлшері 100 нанометрге тең (нанометр – миллиметрдің миллионнан бір бөлігі) заттың бір бөлшегі. Нанобөлшектерді көзбен көру мүмкін емес.

Айта кету керек, кейбір өндірушілер коронавирусты анықтайтын және одан қорғайтын өнімдерді жасау барысында нанотехнологияларды қолданған. Өнімдер арасында тест жүйелері мен қорғаныс маскалары да бар. Алайда аталған инновациялардың ешқайсысы ТМД кеңістігінде кең таралмады: олардың барлығын АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Сингапур, Чехия, жалпы Қазақстаннан алыс елдердің ғалымдары жасады.

«Нанобөлшектер» тірі болуы мүмкін емес

Нанобөлшектерге немесе құрттарға ұқсайтын мата талшықтары, шынымен, қозғалғандай көріну мүмкін. Олар қоршаған ортаның (мысалы адам тынысынан немесе желден) және электростатикалық күштердің әсерінен «қозғалуы» мүмкін.

Статикалық электр тоғынан мата талшықтары басқа материалдарға «жабысуы» мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, полиэстердің (жоғарыда айтылған мақта таяқшаларының өндірісінде қолданылатын синтетиканың бір түрі) статикалық зарядының деңгейі табиғи талшықтарға қарағанда жоғары болады.

Фейк | Медициналық маскалардан құрттар (нанобөлшектер) табылды
Біз тәжірибе жүргізіп, масканың сыртқы жағында түсі басқа мата бөлшектері бар екенін анықтадық. Суреттен көрініп тұрғандай, бөлшек «масканың ішінде» емес және оның бір бөлшегі емес

Моргеллондар ауруы жоқ болуы мүмкін

Моргеллондар ауруы қазіргі кезде жалған ауру болып саналады. Өзін осы аурумен ауырамын деп санайтындар тері астындағы паразиттерден қышу мен басқа да ыңғайсыздықтар пайда болғанын айтады. Пациенттердің айтуынша, олар паразиттерді денелеріндегі жаралардан алып шығады.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы 4 жыл бойы жүргізген зерттеуінің қорытындысы нәтижесінде пациенттердің терісінен паразиттер мен микобактерияларды да, басқа дәлелдерді де таппаған. Сарапшылардың ойынша, пациенттердің терісіндегі жіптер кәдімгі мақта талшықтары болуы мүмкін.

Дерматологтардың пайымдауынша, Моргеллондар ауруы – бұл паразитозға ұқсас психикалық ауру. Онымен ауыратын адам өз терісін қан жоса қылып тырнай береді. Кей жағдайларда адам денесінде, шынында да, инфекция болуы мүмкін. Алайда пациенттердің терісіндегі талшықтар «тірі» нанобөлшектер дегенге ешқандай дәлел жоқ.

Factcheck.kz