Фактчек | Keytruda препараты қатерлі ісіктен емдей ме?

“Рактан айықтыратын” Keytruda препараты қатты жарнамаланды. Дәрі туралы хаттар поштаға келетін спам xабарламалармен шектелік қалған жоқ: мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде осы бір препарат жайлы ақпарат тарай бастады.

Вирустық xабарламаларда рактың 15 түрін емдейтін препарат туралы жазылған – “қазірге дейін Keytruda кем дегенде 40 пайыз науқасты жартылай я толықтай жазған, ал меланомадан шамамен 100 пайызға айықтырады”. Желідегілер бұл xатты достарына жіберіп, постыларға “ғалымдар жарады, еңбектеріне басымды ием” деген сипаттағы пікір жазып жатыр.

Фактчек | Keytruda препараты қатерлі ісіктен емдей ме?Keytruda препаратын сатып алуға көп қазақстандықтың қалтасы көтере бермейді. Салмағы 50 келіден аспайтын адамның бір реттік қабылдауына арналған 100 мг дозаның бағасы – 1 585 146 теңге. Ондай флакондардың бірнешеуін сатып алу керек – аурудың беті қайтқанға дейін 3 апта сайын қабылдау керек (ем-дом 8 айдан 1 жылға дейін жалғасуы мүмкін).

Бір жыл бұрын Nur.kz порталы сол жақ сирақ терісінің меланомасы диагнозы қойылған 40 жастағы алматылық Елена Калякина туралы материал жариялады. Науқас тұрғын Кейтруда препаратымен емделу үшін 112 мың долларға мұқтаж болады. Калянкиндер отбасында мұндай қаржы болмай, қазақстандықтардан көмек сұраған.

Дегенмен ғалымдар арасында пембролизумабтың (Keytruda) оң әсеріне сенім білдіретіндер аз.

“Дәрінің жарнамасы жалған, адамдарды адастырады, – дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор, дәлелдеу медицинасының мамандары серіктестігінің президенті, жүздеген мақала мен бірнеше монографияның авторы, “Дәлелдеу медицинасы және клиникалық эпидемиология” журналының бас редакторы Василий Власов.

Factcheck.kz Keytruda препаратының жарнамасында айтылатын “деректердің” рас-өтірігін тексеріп көрген.

Ақпарат: “қазірге дейін Keytruda препараты кем дегенде 40 пайыз науқасты жартылай я толықтай жазған, ал меланомадан шамамен 100 пайызға айықтырады”.

Үкім: Жалған

“Бұл – барып тұрған өтірік, – дейді Василий Власов, – Оқырман материалды соңына дейін қараса, қысқа мерзімді нәтижеде аурудың беті 75 пайыздан 61-ге ғана қайтқаны көреді (әрине, 14 пайыз деген аз емес, бірақ бұл өздері айтқандай 100 пайыз емес қой). Өкінішке қарай, жарнамалық мақаланың авторлары сандарды ғана бұрмаламаған”.

Президент дәрісі

Кейтруда дәрісінің аса бір танымал бола түскен кезі 2015 жылға – АҚШ-тың 39-президенті Джемми Картер ісіктен айыққанын хабарлаған сәтке тап келді. Жаңалықты халықаралық ақпарат агенттіктері іліп әкетті:

Жарты жылдан кейін ғана дәрі-дәрмектің әсеріне қатысты әңгіменің қызуы басылып, 39-президентті аурудан “айықтырған” препарат жайлы эмоциясыз жазыла бастады. Мұнан соң дәрінің жарнамасын таратқан БАҚ-ты біржақты, бұрмалаушы деп сөгушілер көбейді.

HealthNewsReview.org медициналық порталы: “Кейбір БАҚ материалдары оқылуы үшін ақиқатты әдейі бұрмалайтындай көрінеді”, – деп жазады да, NBC-ге сілтеме беріп:

“аурудан айығуға дәрі әсер етті ме, әлде сәуле терапиясы ма, я хирургия ма – мұны анықтаудың әзірге амалы жоқ”, – деп мәлімдеді.

Сондай бір ғажайып әсері бар дәріні талқылап жатқандар арасында, тіпті, “Джимми Картерде ісігі болмаған, диагноз қате қойылған” деп те пікір айтқандар болған.

Фактчек | Keytruda препараты қатерлі ісіктен емдей ме?
Сурет biomolecula.ru сайтынан.

Ақпарат: «Қазір Keytruda-ны ісіктің 15 түріне жазып беруге рұқсат етілген. Оның ішінде: мойын ісігі, тері, ұйқы безі рагы, асқазан, қуық, простат және сілекей безі ісігі секілді диагноздар бар».

Үкім: Жалған

“Жарнамаға қарап отырсаң, мына дәрі ісіктің бірнеше түрін, тіпті рактың барлық түрін емдей алатындай әсер қалдырады, – дейді Василий Власов, – Алайда былтыр АҚШ-та бұл дәріні сараптама кезінде қандай да бір ерекшелігі анықталған ісік түрлері бар науқастарға ғана қабылдауға рұқсат берілген. Ісікті әлгі ерекшеліктер болмаса, дәрі әсер етеді деп сену бекер”.

Сарапшының сөзінше, АҚШ пен Израильде анализ қорытындысы зерттеліп, препаратты 149 науқастың ғана қабылдауына рұқсат етілген. Ал Еуропа одағына мүше елдер препаратты қабылдауды әлі толықтай мақұлдаған жоқ.

“Кейтруда дәрісінің әсері туралы нәтижелер болжаммен жазылған, – дейді Власов, – Соңғы кездері Кейтруда дәріснің бұрын болған басқа препараттармен салыстырғанда жақсырақ әсер ететінін көрсететін есептер жиілеп кетті. Алайда ондағы қорытындының бәрі топшылаумен, болжаммен жазылған. Препараттың тиімділігі туралы қорытынды қысқа мерзімдегі нәтижеге негізделген. Әдетті 1 жылдың нәтижесі көрсетіледі, оның өзінде толықтай айығып кеткен адам жоқ. Кейбір зерттеулерде тіпті ешбір әсері жоқ делінеді, ал басқа есептерде бір-екі науқастың қорытындысын ғана сипатталады.

Одан бөлек,

зерттеудің барлығын дәріні өндіруші қаржыландырған. Мұндай сараптамаларда “дәрінің пайдасы үнемі жоғары, препарат қауіпсіз” деп айталытынын ескеру керек.

Маманның сөзінше, рактың кейбір түрлерінде, мәселен өкпе рагында пембролизумаб (Keytruda) дәрісі жақсы әсер ететін дәрілер қатарында да емес.

Контекст: 30 миллиард доллардың құпиясы

Былтыр мамырда америкалық Forbes журналында Keytruda дәрісінің арқасында Merck Sharp& Dohme Corp фармацевтикалық компаниясы ең көп табысқа кенелгендердің бірі болған. Уолл-стриттағы сарапшыларына сілтеме жасаған Forbes “аталған препаратты сатудан компанияның табысы 2022 жылға қарай 30 млрд долларға жетуі мүмкін” деп жазған.

“Keytruda өз бәсекелестерінен озық келеді деп санауға болатын шығар. Алайда мұндай табыс сазға отырғызуы да мүмкін екенін ұмытпаған дұрыс.

Жеңімпазды таңдау бәйге алатын жылқыны болжаумен бірдей екенін әлі ешкім түсіне қойған жоқ”,

– деп аяқтайды Forbes-тағы мақаласын автор Мэтью Херпер.

Қазақ тіліне аударған: Аян Қалмұрат

Factcheck.kz