Фактчек | Гүлдара Нұрымова МӘМС туралы

7 сәуірде өткен Мәжілістің кезекті отырысында Nur Otan фракциясының депутаты Гүлдара Нұрымова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жайында бірнеше дерек келтіріп, депутаттық сауал жолдады. Сауалда ҚР азаматтарының 84%-і МӘМС-ке тіркелгенін айтып, алайда оның 59,2%-і мемлекет тарапынан сақтандырылғанын атап өтті. Аталған деректерді Factcheck.kz сайты тексеріп көрді.

Қазіргі таңда 19 млн-ға жуық халықтың 15 млн 850 мыңы немесе 84%-і сақтандырылған, олардың ішінде 11 195 887 адам немесе 59,2%-і жеңілдік санатына кіретін адамдар. Қалған 3 млн адам тіркелмеген.

Гүлдара Нұрымова

Үкім: Шындық

Медициналық сақтандыру қорының бізге берген мәліметі бойынша, қазір ресми тіркелген 18 млн 898 мың халықтың 15,9 млн-ы, яғни 84,5%-де МӘМС бар. 15,9 млн халықтың 11 млн 195 мыңына мемлекет МӘМС төлейді, яғни олар жеңілдікке ие. Ал қалған 2,9 млн адам әлі сақтандырылмаған.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР азаматтарына МӘМС төлеу міндетті. Егер сіз өзіңіздің сақтандыру статусыңызды білгіңіз келсе fms.kz сайтына кіріп ЖСН номеріңізді теру арқылы анықтай аласыз.

Мемлекет тарапынан кім жеңілдік ала алатынын мына жерден қарай аласыздар.

Егер осы 3 млн халықтың бірі 2021 жылы МӘМС алғысы келсе 2020 жылғы төлемдерін толық төлеуі міндетті.

Гүлдара Нұрымова

Үкім: Манипуляция

Медициналық сақтандыру қоры жауабына сәйкес, жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыз азаматтар үшін МӘМС-ті мемлекет төлейді. Ал орталыққа ресми тіркелмеген жұмыссыз азаматтар МӘМС үшін жарнаны дербес төлеуші ретінде төлем жүргізілмеген айлар үшін (ҚР 2015 жылғы 16 қарашасындағы №405-V ҚР3 Заңының 5-бабы 3 тармағы) 2125 теңге төлеуі керек. Алайда төлемді соңғы 12 айдан аспайтындай мерзімде төлеу қажет.

Мысалы, егер азамат 2020 жылы қараша айында жұмысынан айырылса жарнаны жұмысынан айырылған сәттен бастап төлеу керек. (Яғни соңғы 12 айдың ішінде жұмысынан айырылса).

Алдағы уақытта МӘМС туралы мифтер жайлы материал жариялаймыз. Егер сіздерді толғандырған миф болса, біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жіберіңіздер.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz