Еспаева: Туабітті сал ауруымен ауыратын балалар туралы

27 қаңтарда мәжілістің пленарлы отырысында депутат Дания Еспаева Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі адамдар соның ішінде балалар мен туабітті сал ауруы (ДЦП) туралы сөз қозғаған болатын. Депутат ҚР Ұлттық Генетикалық реестрінің статистикалық мәліметіне сүйене отырып бірнеше деректер келтірді. Біз тексеріп көрдік.

Мәлімлеме: Қазақстанда жылына туа біткен және тұқым қуалайтын паталогиясы бар 2000 мен 3500 адам [аралығы – ред.] дүниеге келеді

Дания Еспаева

Үкім: Жартылай шындық және манипуляция

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда соңғы 5 жылда жалпы саны – 10 861 туа біткен және тұқым қуалайтын паталогиясы бар адам дүниеге келген. Осы жылдар аралығында ең азы 1861 адам (2019 жылы) болса, ең көбі 3007 адам (2020 жылы) дүниеге келген.

Мәлімдеме: Қазіргі таңда Қазақстанда 92 мың мүмкіндігі шектеулі бала тұрады, оның ішінде 19 мыңнан астамы туабітті сал ауруына (ДЦП) шалдыққан.

Дания Еспаева

Үкім: Шындық

Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау ақпараттық порталының ресми мәліметінше, Қазақстанда 16 жасқа дейінгі мүгедек жасөспірім саны – 85 237, ал 16 мен 18 жас аралығында 7 256 бала тіркелген. Екеуін қосқанда Қазақстанда жалпы саны – 92 493 (0 -18 жас) мүмкіндігі шектеулі бала тұрады.

Қазақстанда жалпы саны 25 662 азамат туабітті сал ауруымен ауырады, оның ішінде 19 120-ы бала. Жас мөлшері бойынша 0-16 жас аралығында 17 543 бала, 17-18 жас аралығында 1577 бала тіркелген.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz