Жалған: Маскалар балалардың СО2-мен улануына себепші

Интернетте Дел Бигтри есімді ер адам 11 жасар бала киген медициналық масканың астындағы СО2 деңгейін тексерген видеосы пайда болды. Оның айтуынша маскада көп мөлшерде көмірқышқыл газы жиналғандықтан балалар үшін қауіпті. StopFake.org видеоның неге манипуляция, ал Бигтридің мәлімдемесі неге жалған екенін түсіндірді.

Жалған: Маскалар балалардың СО2-мен улануына себепші

Видеода Дел Бигтри баланың маскасының астына СО2 концентрациясын анықтайтын құралды орналастырады. Оның айтуынша СО2 концентрациясы 5 000 ppm-ден артық болса адам уланады, ал роликтегі құрылғы 8 000 ppm-ден артық мәнді көрсетеді.

Бигтри американдық Джефф Нефтің тәжірибесін қайталағысы келеді. Алайда Нефф жасаған тәжірибенің нәтижесін фактілерді тексеретін Factcheck.org америкалық веб-сайт жоққа шығарды.

Видеодағы мәлімдеме неліктен жалған?

Өйткені әртүрлі маскалар астында орналасқан сенсор адамның жұтатын ауадағы оттегімен қоса көмірқышқыл газы мен азот сияқты басқа да газдарды есепке алады.

Иллинойс университетінің медицина ғылымдарының доценті, американдық өнеркәсіптік гигиена қауымдастығының мүшесі Томас Фуллердің айтуынша бұл құрылғы жабық кеңістікте көбейетін көмірқышқыл газды да есепке алады.

Сонымен қатар, құрылғы маска астындағы ауа құрамының өзгеруін жылдам есептеп үлгермейді. Мұндай өзгерістерді есептеу үшін оған шамамен 10 секунд қажет болуы мүмкін. Ал адам ол уақыт ішінде бірнеше рет дем алады. Бұл жағдайда құрал нәтижені үсті-үстіне қосып, көрсетеді.

Бірнеше күн ішінде видеоны 1,3 миллионнан астам адам көріп, әлеуметтік желіде 60 мыңнан астам пайдаланушы таратты.

Factcheck.kz