Жалған: Чипі бар вакцина пайда болды

Әлеуметтік желілерде мыңдаған адам чипі бар аса қауіпті вакцина жайлы видеоны таратып жатыр. Видеода автор чипі бар вакцинаның қандай екенін көрсетеді. Бұл жайлы StopFake хабарлайды.

Шын мәнінде, видеодағы микрочип жануарларды идентификациялауға арналған. Адамдарды чиптеу коронавирус пандемиясы аясында ең көп тараған қастандық теориялардың бірі. SARS-CoV – 2 коронавирусынан емдейтін вакцина әлі табылған жоқ.

Жалған: Чипі бар вакцина пайда болды

Видео авторы шприцтарды ашып, былай дейді: “50 шприц келді. Міне таңбасы бар. Мұны сізге ұсынады. Міне шприц. Пакетті ашамыз. Сізге вакцина жасау керек. Міне вакцина салынды. Папаны тыңдамайтын болсаңыз, бұл чипті ізге орнатады. Сосын тозақтан бір-ақ шығасыз. Егер Інжілді оқымасаңыз, Құдайдың айтқанын орындамасаңыз осылай болды. Осындай 50 данасы бар, қазірдің өзінде 15-ін әкетті….”

Жалған: Чипі бар вакцина пайда болды

Видеода шприцтің қаптамасында Animal ID, ICAR Certified деген жазуды көре аламыз.

Google арқылы бұл шприцті тауып алып, “бір рет қолданатын шприцтегі чип” екенін көруге болады. Сипаттамасында “микрочип жануар терісіне бір рет қолданылатын шприцтің көмегімен енгізіледі. Ол сиыр, бұқа, қой, ешкі, бұғы, жылқы және т. б. сияқты жануарларды бақылау және идентификациялау үшін пайдаланылуы мүмкін” екені көрсетілген.

Factcheck.kz