WordPress-те ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ететін құрал пайда болды

Gannett зерттеу бөлімшесімен жұмыс істейтін әзірлеушілер командасы журналистер жұмысының ашықтығын қамтамасыз ететін WordPress құралын ұсынды. Бұл жайлы Trusting News хабарлайды.

Басылымдар үлкен көлемді зерттеу-материлын жариялаған кезде, әдетте редакторлар журналистер бұл тақырыпты не үшін қозғағанын түсіндіруі керек. Тақырыпты қозғау себебі бөлек колонкада жазылады. Кей жағдайда бөлек парақша ашылады. Алайда, бұл парақша көбі оқымайды.

Дегенмен, оқырманға тақырыпты қозғау себебін түсіндірген маңызды. Осы арқылы оқырманның журналистің жұмысына, материалдың ашықтығына сенімі артады.

Gannett зерттеу бөлімінің әзірлеушілері WordPress-ке арнап арнайы плагин жасап шығарды. Плагиннің көмегімен түсініктемені сұрақ-жауап ретінде мақаланың ішіне орналастыруға болады. Gannett-те журналистер бұл қызмет пен арнайы үлгіні өз тергеулерін тексеру үшін пайдаланады.

Плагиннің жұмысын Gannett журналистері дайындаған мақаладан көре аласыз.

Factcheck.kz