WhatsApp хабарламаларды автоматты түрде өшіру қызметін сынақтан өткізді

WhatsApp әлеуметтік желісінің өндірушілері жаңа қызмет түрін сынақтан өткізіп жатыр. Енді платформадағы хабарламалар автоматты түрде өшіріледі. Бұл туралы WABetaInfo порталы хабарлайды.

Әзірге “хабарламаларды өшіру” функциясы Android жүйесіндегі WhatsApp 2.19.348 бета нұсқасында пайда болды. Бұл қызмет осыған дейінгі бета-нұсқасында бар еді. Бірақ, қызмет “хабарламаларды өшіру” деп емес, “уақытша хабарламалар” деп аталды.

Бұл функцияны басқа да ОЖ-лерде пайда болған кезде “баптаулар” бөлімінде қоса аласыз. Сонымен қатар, пайдаланушы хабар жойылатын уақыт аралығын таңдай алады: бір сағат, күн, апта, ай немесе жыл.

WhatsApp хабарламаларды автоматты түрде өшіру қызметін сынақтан өткізді
Factcheck.kz