Вице-министр: 42500 теңгені кім қайтарады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңге әлеуметтік төлемді мемлекетке кім қайтаруы керегін түсіндірді.

Вице-министр: 42500 теңгені кім қайтарады
Нариман Мұқышевтың инстаграм парақшасының скриншоты

«Статистика: 42 500 теңге жәрдемақыны алу бойынша 3,3 млн шешім қабылданды. Бұл өтінішті қабылдау басталғаннан бері небәрі 20 күн ішіндегі көрсеткіш. Бұл көмекті, әрине, нақты төтенше жағдайға байланысты табысынан айрылғандар алуы тиіс. Бірақ, өкінішке қарай, ТЖ байланысты табысын жоғалтпаған, үйде отырып жұмыс істейтін адамдар өтініш беріп, жәрдемақыны алған кездер болды. Біреу тексеріп көргісі келді, енді біреуі қосымша табыс тапқысы келді”, – дейді вице-министр.

Нариман Мұқышевтың сөзінше ТЖ режимі кезінде мемлекет адамдардан табысынан айрылғанын растайтын құжат талап етпеді. Шешім автоматты түрде қабылданады. Алайда, “өтірік айтқаны” үшін жауапкершілік өтініш берушінің мойнында. Сол себепті ТЖ кезінде табысынан айрылмаған, алайда жәрдемақы алу үшін өтініш беріп, оны алғандар қайтаруы тиіс.

Егер сіз БЖТ төлеп, ТЖ кезінде жұмысыңыздан айрылып, алайда салық төлемесеңіз 42 500 теңге жәрдемақы ала аласыз. Оны мемлекетке қайтармауыңызға болады.

Оқы отырыңыз:

Factcheck.kz