Үндістанда TikTok, WeChat және 57 қосымша бұғатталды

Үндістан басшылығы Қытайдан шыққан қосымшалар елдің егемендігіне қауіп төндіреді деп санайды. Сол себепті 59 қосымшаны бұғаттады. Оның ішінде танымал TikTok мобильді қосымшасы бар. Бұ жайлы Times of India хабарлайды.

Ақпарат және технологиялар министрлігі тізімдегі бағдарламалар пайдаланушылардың дерегін ұрлау және шетелдік серверлерге беру үшін пайдаланылатынын мәлімдеді.

Бұғатталған қосымшалардың тізімінде Xiaomi, Weibo, YouCam, Virus Cleaner-дің барлық қосымшалары бар. TikTok үшін Үндістан әлемдегі ең ірі нарықтың бірі. Мамыр айында TikTok, Club Factory және UC Browser үшеуін қоса алғанда Үндістандағы аудиториясы шамамен жарты миллиардқа жетті.

Өткен айда бұғатталған 59 қосымшаның 27-сі Үндістандағы Android-тағы ең танымал қосымшаларының мыңдығына енді.

Үндістан Қытайды ел аумағында заңсыз бақылау бекетін салды деп айыптауда. Қосымшалардың бұғатталуы Аксайчин ауданының Гималай шыңындағы Үнді-Қытай қақтығысының салдарынан орын алды.