Үндістан билігі Face ID технологиясын қолдана бастады

Үндістан билігі халық наразылығына қарамастан Face ID технологиясын қолдана бастады. Алғашында бұл технология жоғалған балаларды іздеу сылтауымен орнатылды, бірақ енді саяси мақсатта үшін пайдаланылды.

Технология алғаш рет 22 желтоқсанда митингте премьер-министр Нарендра Моди Нью-Делидегі даулы заңды қорғаған кезде қолданылды.

Журналистер камера арқылы алынған деректер “қарапайым наразылыларды” “агрессивті наразылардан” бөлу үшін арнайы бағдарламаларға жүктелетінін хабарлайды.

Үндістанда мұсылман емес азаматтарға азаматтық алуды жеңілдететін заңға қарсы наразылықтар ұлғая бастады. Халықтың мұсылман бөлігі жаңа заңды конституцияға қайшы және халықты діни белгісі бойынша құқығын бұзады деп санайды.

Наразылық басталғалы бері 25 адам қаза тауып, ондаған адам жараланып, мыңдаған адам ұсталды.

Үндістан наразылық салдарынан интернетті өшіру бойынша биылғы жылдың рекордшысы.

Factcheck.kz