Twitter Трамптың жазбаларына “фейк” белгісін қойды

Туиттер АҚШ президенті Дональд Трамптың жазбасына фейк белгісін қойып, оқырмандарға оның твитын тексеріп көруге ұсыныс тастады. Бұл жайлы BBC-дің орыс қызметі хабарлайды.

«Пошта арқылы дауыс беру туралы фактілерді қараңыз» әлеуметтік желінің көгілдір леп белгісі Трамптың екі жазбасына қойылды. Егер жазбаны бассаңыз, пайдаланушы Politico-ның «Трамп пошта арқылы дауыс беру нәтижелерді бұрмалауға әкеледі деген негізсіз мәлімдемелер жасайды» деген мақаланы көресіз.

Мамырдың 26-сы күні Трамп өз туиттерінде пошта арқылы дауыс беру сайлау нәтижелерін бұрмалауы мүмкін екенін айтқан еді.

Трамптың сайлауалды штабының менеджері Брэд Парскейл Туиттердің бұл әрекетін айыптады.

Артынша Трамп мынандай туит жариялады:

“…Твиттер сөз бостандығына нұқсан келтіреді, мен президент ретінде бұған жол бермеймін!

Осыған дейін компания коронавирус туралы оқырмандарды шатастыратын деректерге арнайы белгі қоя бастаған еді. Енді жаңа ережеге сәйкес оқырман Covid-19 туралы ақпаратты көрместен бұрын, жазбаның Қоғамдық денсаулық сақтау сарапшыларының ұсыныстарына қайшы келетіні ескертіледі.

Factcheck.kz