Twitter коронавирусқа қатысты фейк ақпараты бар жазбаларды таңбалайды

Twitter әлеуметтік желісі коронавирус туралы оқырмандарды шатастыратын деректерге арнайы белгі қоя бастайды. Бұл туралы компания өзінің сайтында хабарлады.

Біздің мақсатымыз Twitter-де сенімді ақпарат іздеуді жеңілдету және әлеуетті зиянды, жаңылыстыратын контенттің таралуын шектеу

Компания жазбаларды дүйсенбіден бастап таңбалайды, алайда жаңа ереже бұрыңғы твиттерге де қатысты қолданылады. Жазбаға арнайы белгі қойылған соң, жанында тексерілген ақпаратқа сілтеме болады. Тексерілмеген немесе фейк ақпараты бар жазба желіден алып тасталады.

Twitter коронавирусқа қатысты фейк ақпараты бар жазбаларды таңбалайды

Twitter осыған дейін де жалған ақпараты бар твиттерді арнайы таңбалаған еді. Енді жаңа ережеге сәйкес оқырман Covid-19 туралы ақпаратты көрместен бұрын, жазбаның Қоғамдық денсаулық сақтау сарапшыларының ұсыныстарына қайшы келетіні ескертіледі.

Factcheck.kz