Пандемия кезінде фейк жаңалық жайлы заң қабылдаған елдер

Covid-19 вирусы расталғаннан кейін шамамен бір айдан соң Венгрия фейк ақпаратқа байланысты заң қабылдады. Заңға сәйкес енді коронавирус туралы жалған ақпарат тарататын кез келген адамды түрмеге отырғызуға болады. Бұл жайлы Courthouse News Service хабарлайды.

Жалған ақпарат таратуға қарсы ең қатал заңдардың бірі – Қытайда. Қаңтар айында Ухандағы коронавирустың эпицентрінде жұмыс істеген қытайлық дәрігер Ли Уэньлян шенеуніктерге жаңа ауру туралы ескертуге тырысты.

Алайда оған мән берудің орнына жергілікті полиция оған “жалған ақпарат” үшін ескерту жасады. Сонымен қатар дәрігер заңсыз қызметпен айналысатыны туралы құжатқа қол қоюға мәжбүр болды. Кейінірек ол COVID-19-дан қайтыс болды.

Ал Ресейде журналистер мен медиаға вирус туралы жалған жаңалықтарды таратқаны үшін мың доллар көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Биыл фейк жаңалыққа қатысты заңды Филиппин мен Вьетнам елдері де қабылдады. Серб Үкіметі Covid-19 туралы жаңалықтармен алмасуды шектейтін жаңа заңға сәйкес, сәуір айында ауруханада жеке қорғаныс құралдарының жоқ екенін хабарлаған журналисті тұтқындады.

Австриялық Халықаралық Баспа институты 16 мемлекет вирус туралы жалған ақпаратқа қарсы жаңа заң қабылдағанын мәлімдеді. Халықаралық баспасөз институтының атқарушы директоры Барбара Трионфидің айтуынша жаңа заңдар сыни , ашық есепті шектеу үшін пайдаланылады.

Көптеген елдерде жаңа заңды қабылдаудың қажеті жоқ, себебі қолданыстағы заңд бар. Мәселен, әлеуметтік желілерде аурудың өршуі туралы жалған ақпарат таратқаны үшін Үндістанда бірнеше адам тұтқындалды. Полицияның айтуынша олар өсек таратып, Үндістанның Қылмыстық кодексінің ережелерін бұзған.

Factcheck.kz