Малайзия билігі коронавирус туралы жалған ақпараттар тізімін жариялайды

Малайзияның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус туралы жалған ақпарат ағынына төтеп беруге мәжбүр. Жергілікті Malay Mail басылымының хабарлауынша министрлік 2019-nCoV вирусы туралы жалған жаңалықтардың толық тізімін жариялайды.

Кеше өткен баспасөз мәслихатында министр вирус туралы фейк жаңалықтар жарияланған уеб-парақшаларды көрсетті. Интернетте таратылып жатқан ақпаратқа сенсек денсаулық сақтау министрі қытайлық туристерді медициналық маска тағып жүрсе, Малайзияда демалуына тыйым салмайды.

“Біз вирусқа қатысты жалған ақпараттардың тізімін тез арада жариялауға тырысамыз. Фейк жаңалық өте көп”, — деді министр.

Контекст 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бананнан вирус тарап жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды. Вице-министр Қамалжан Надыров жалған ақпарат таратқандар анықталып, жауапкершілікке тартылады деді.

Factcheck.kz