Зомби-фейк | Бананнан вирус тарап жатыр

Соңғы уақытта WhatsApp мессенджерінде “банан жемеңіздер” деген қытай тілінде жазылған сурет пен аудиожазба тарап жүр.

Зомби-фейк | Бананнан вирус тарап жатыр
  • Аудармасы: 23 адам (ұл, қыз) n7n9 вирусын жұқтырған. Жұқтырғандардың ең үлкені – 35, ең кішісі – 1 жаста.
  • Көмек көрсеткен дәрігерлер оқшауланды.
  • Қытайдың орталық телевидениесі уақытша банан жемеу керек деп хабарлайды. Әсіресе Наньхуэй 8424 коды бар банан. Себебі ол жақта вирус жұқтырған адамдар саны 13167-ге жеткен.
  • Бұл ақпаратты группаға таратыңыз.
Whats App–та тараған жазба

Үкім: Фейк

Нақтырақ – зомби-фейк. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат – жалған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Facebook парақшасында хабарлады. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров жалған ақпарат таратқандар анықталып, жауапкершілікке тартылады деді.

Қосымша:

Қытайдың qianlong.com, zjol.com.cn сайттары да аталған жаңалықты жоққа шығарған.

Зомби-фейк | Бананнан вирус тарап жатыр

Біріншіден, суретте көрсетілген H7N9 құс тұмауы вирусы екенін және оның жаңа коронавируспен (2019-nCoV) ешқандай байланысы жоқ екені жазылған. Екіншіден, бұл – ескі қауесет. 2019 жылдың сәуір айында Шанхай қоғамдық қауіпсіздік бюросының Чонгмин филиалы Шанхайдағы Нанхуйде тек 8424 қарбыз және 8424 банан бар деген қауесетті таратқан.

Сулейман Демирел университетінің журналистика мамандығы бойынша оқиды. "Ұлан" газетінің штаттан тыс тілшісі. 2019 жылдан бастап factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz