ҚР СІМ Путин мен Зеленскийдің кездесуі үшін ресми шақыру жібермеді

ҚР СІМ бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Владимир Путин мен Владимир Зеленскийге ресми кездесу ұйымдастыру ұсынысы бойынша пікір білдірді. Министрліктің айтуы бойынша бұл идеяны Назарбаев сарапшылар арасында талқыланатын тақырып ретінде ұсынған. Бұл жайлы «Коммерсант» хабарлайды.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Ресей мен Украина президенттеріне ресми шақыру жібермегенін айтты.

«Елбасы кездесу жайлы “Астана клубында” айтты. Ал “Астана клубында” мұндай тақырыптар тек қана талқыланады. Бұл ресми ұсыныс немесе ресми позиция болған жоқ», – деді министр.

Өткен аптада Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің арасында келіссөздер ұйымдастыруды ұсынғаны белгілі болды. Назарбаев мырза бұл идеясын украин президентіне жеке кездесу барысында айтты. Қазақстанның экс-президентінің айтуынша Зеленский мырза бұл бастамасымен келісті.

Путин Зеленскиймен норманд форматындағы саммитке дейін (Ресей, Украина, Франция және Германия) кездесуді жоспарламайтынын хабарлады. Киев нормандтық форматтағы саммит желтоқсанның 9-ы Парижде өтетінін айтты. Ал Кремль кездесудің нақты күнін әзірге белгілемеді.

Factcheck.kz