Қазақстанда 120 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Қазақстанның бас санитары Айжан Есмағамбетовның хабарлауынша елімізде 120 120 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Оның 67-сі вирус жұқтырған немесе СОVID-19-ға күдікті адамдармен тікелей жұмыс істегендер.

Айжан Есмағамбетовның айтуы бойынша бір дәрігердің жағдайы ауыр, 9 дәрігердің жағдайы орташа, ал 57 дәрігерде ауру жеңіл және симптомсыз өтіп жатыр.

Бүгінде Алматыда Covid19 вирусын жұқтырудың 36 ошағы анықталды, ал 14 мекен-жайдан шектеулер алып тасталды. Олар:

  • Алатау ауданы: Заря-Восток ықшам ауданы, Сары-ой к-сі, 234 үй;
  • Алмалы ауданы: Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7;
  • Бостандық ауданы: Тұрғыт-Озал көшесі, 242;
  • Медеу ауданы: Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Достық көшесі, 111; Зенков көшесі, 59;
  • Жетісу ауданы: Еңлікгүл көшесі 34а;
  • Түркісіб ауданы: Алтай-1, 8; ықшам ауданы; «Жас қанат» ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская көшесі, 63;
Factcheck.kz