Инстаграм кейбір профильдерде “лайк” санын жасырады

Instagram АҚШ аумағында “лайк белгісін жасыру” қызметін тестілеуді бастады. Бұл туралы WIRED 25 конференциясында Адам Моссери мәлімдеді. Бұл жайлы HuffPost хабарлайды.

Моссеридің айтуынша жаңа өзгерістер инстаграмдағы қолданушылар арасындағы қысымды, бәсекелестікті азайтады. Нәтижесінде қолданушылар санға емес, сапаға көңіл аударады. Әлеуметтік желі қолданушылары өздерін шабыттандыратын дүниемен айналысып, бір-бірімен байланыс орнатуға көңіл бөледі.

Инстаграм жазбалар легінде және пайдаланушылардың профиліндегі посттарға қойылған “ұнату” белгісін жасырады. Алайда жазба авторлары суретіне қанша “лайк” қойылғанын көре алады.

Инстаграм кейбір профильдерде "лайк" санын жасырады

Қазіргі таңда бұл функция Канада, Ирландия, Италия, Жапония, Бразилия, Австралия және Жаңа Зеландия мемлекеттерінде сынақтан өткізілді. Facebook те бұл функцияны Австралияда сынақтан өткізіп жатыр.

Инстаграм кейбір профильдерде "лайк" санын жасырады
Лайк санын көрсету Лайк санын көрсетпеу

Компания басшылығының айтуынша “лайк санын жасыру” қолданушылардың, әсіресе жастардың психикалық жағдайына оң әсер етеді.

Factcheck.kz