ІІМ: Қордай оқиғасы бойынша 90 қылмыстық іс қозғалды

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздік фактілері бойынша 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды деп хабарлады.

Министрдің орынбасарының айтуынша бүгінгі таңда жүздеген адамнан жауап алынып, осы оқиғадағы әрбір қатысушының рөлін бекітуге бағытталған тергеу мен қажетті сараптамалар жүргізілуде. Барлық сараптама жүргізіліп болғаннан кейін кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады.

Сонымен қатар оқиғаға байланысты жаңа деректер анықталған сайын, қылмыстық істердің саны артып келеді. Бүгінде әр түрлі дерек бойынша 90-ға жуық қылмыстық іс қозғалды.

Дегенмен, Марат Қожаев тергеудің қашан аяқталатынын нақты айтпады. Заңнама бойынша жалпы мерзім-2 ай, егер қосымша зерттеулер мен сараптамалар тағайындау қажет болса, бұл мерзім ұзаруы мүмкін дейді.

Factcheck.kz