Google пандемия кезінде Қазақстандықтардың қозғалысы туралы мәліметтерді жинайды

Google пандемия кезінде әртүрлі елдердің тұрғындарының қозғалысы жайлы деректерді (жиынтық және анонимді) жинайды. Ол үшін компания Google Карта қосымшасын қолданған. Зерттеуде Қазақстан да бар.

Компания жариялаған есепте дата өңірлер бойынша бөлінген. Есепте адамдардың үйінен шығу жиілігі, қоғамдық орындарды, мысалы сауда және ойын-сауық орталықтарына, азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға, саябақтарға, вокзалдарға және т. б. жерлерге қаншалықты жиі барғаны көрсетілген.

  • Пандемия кезінде Қазақстан тұрғындарының мейрамханалар, кафелер, сауда орталықтары, мұражайлар, кітапханалар мен кинотеатрларға баруы 29%-ға азайған.
  • Ал бакалея, базарлар, азық-түлік қоймалары, фермерлік дүкендер мен дәріханаларға баруы 13%-ға азайған.
  • Ұлттық парктерге, жағажайға, қоғамдық саябақтарға бару 5%-ға көбейген.
  • Қоғамдық көліктерге отыру, метро, автобус, пойызбен қатынау 14%-ға азайған.

Есептердегі статистика геолокация тарихын қосқан пайдаланушылардан алынған (әдетте ол өшірулі) деректер негізінде жасалады. Бұл пайдаланушылар кез келген уақытта Google аккаунтындағы геолокация тарихын өшіріп, деректерді хронологиядан алып тастай алады.

Есептерді Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне COVID-19 коронавирус инфекцияның таралуымен күресуге көмектескенше бәрі көре алады.

Ескерту: Есепке смартфонында геолокация тарихы қосулы пайдаланушылардан алынған дерек алынған. Сонымен қатар, статистика үнемі жаңартылады.

Factcheck.kz