Фейк: Ауа райының нашарлауына байланысты астанада 4 күндік демалыс жарияланды

Әлеуметтік желілер мен мобильді мессенджерлерде астаналықтар бір-біріне жақын күндері қалада ауа райының нашарлауына байланысты 4 күндік демалыс жарияланды деген хабарлама таратып жатыр. Елорда әкімдігі бұл хабар бойынша түсініктеме берді деп хабарлайды Sputnik.

Хабарламада астанада 23-26 қаңтар аралығында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай қызметтерінен басқа барлық мекемелер уақытша демалысқа шығатыны айтылған.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі тарап жатқан ақпараттың жалған екенін айтты. Ресми сайтта ауа райының күрт нашарлауына байланысты және қайғылы жағдайларды болдырмау үшін мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, кәсіпкерлік объектілеріне (базарлар, СОО), құрылысқа жұмыс күнін қысқарту ұсынылатыны ғана айтылған.

Қаңтардың 23-і өткен брифингте астанадағы төтенше жағдай департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов желдің екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін екенін хабарлады.

Factcheck.kz