Facebook пен Instagram-да эмодзиға цензура орнатылады

Желідегі зорлық-зомбылықты алдын алу үшін Facebook пен Instagram кейбір эмодзиларға цензура орнатты. Енді желі қолданушылары шабдалы, су тамшылары және баклажан эмодзиларын қолданғанда абай болуы керек. Бұл жайлы Dazed хабарлайды.

Facebook пен Instagram-да эмодзиға цензура орнатылады

Инстаграм немесе фейсбук қолданушылары әдетте бұл эмодзиларды тура мағынасында емес, жанама мағынасында қолданады дейді компания басшылығы.

Сондай-ақ, платформалардағы секс немесе секс қызметін тікелей я жанама жарнамалайтын жазбаларға қатысты ережелер өзгертілді. Егер желі қолданушы мұндай мазмұндағы жазба жарияласа, оның аккаунтына арнайы белгі қойылады. Арнайы белгілерді эмодзидің көмегімен фотосуреттердегі дененің жалаңаш жерлерін жасыратындар қолданушылар да ала алады.

Осылайша компания facebook және instagram арқылы “әдепсіз” контенттің таралуына кедергі жасауды жоспарлап отыр.

Бұған дейін «Instagram» AR (augmented reality) түрлі маскалар әлеуметтік желі пайдаланушыларының психикалық денсаулығына зиян келтіруі мүмкін деген қауіппен «пластикалық хирургия» фильтрлерін платформадан өшіретіні белгілі болды.

Factcheck.kz