Facebook фактчекиң үшін Reuters-ке ақша төлейді

Reuters Facebook компаниясымен бірлесіп әлеуметтік желілерде жарияланған фактілерді тексеруге арналған жаңа бастаманың іске қосылғанын хабарлады. Басылым Facebook және Instagram-дағы контентті тексеріп, қай кезде БАҚ жалған ақпарат таратқанын анықтайды.

Фактілерді тексеру жөніндегі бастама Reuters-тің нақты және сенімді жаңалықтар контентін ұсыну мақсатының бір бөлігі. Reuters енді пайдаланушылар жариялаған фотосуреттерді, видеоларды, жазбаларды және басқа да контентті тексереді.

Сонымен қатар, АҚШ-та және одан тыс жерлерде сайлау қарсаңында ағылшын және испан тілдеріндегі америкалық Facebook аудиториясын зерттеп, нәтижесін арнайы ашылған Reuters Fact Check блогында жариялайды.

Ақпаратты тексеру үшін Reuters-та төрт адамнан тұратын топ құрылды. Блогта ақпаратты неліктен жалған, жартылай жалған немесе шын деп тапқанын түсіндіретін болады. Содан кейін Facebook жалған ақпараттың таралуын шектеу үшін жаңалықтар легіндегі алгоритмінде оларды көрсетпеуге тырысады.

Reuters-тің жаһандық серіктестік жөніндегі директоры Джессика Эйприл Facebook-пен редакцияның арасындағы келісім шарттың анық-қанығын айтпады, бірақ олар осы қызметке ақы төлейтінін растады.

Енді Reuters деректерді тексеру бойынша американдық серіктестердің тізіміне қосылады. Бұл тізімде Associated Press, PolitiFact, Factcheck.org және тағы төрт серіктес бар. Басылым Facebook-пен 2020 жылғы сайлаудан кейін де бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

Factcheck.kz