Еуро комиссия Face ID технологиясына 5 жылға тыйым салғысы келеді

Еуроодақ Face ID технологиясына 3-5 жылға тыйым салғысы келеді. Бұл уақыт аралығында одақ технологияның дербес деректерді қорғау және адамның жеке өміріне қолсұғуы жағдайларына әсерін бағалайды. Бұл жайлы Reuters хабарлайды.

Алайда қауіпсіздік және зерттеу жобаларына арнайы ережелер қарастырылған. Соңғы шешім қабылданғанға дейін, ЕО ұсынысқа қатысты пікірлерді зерттеп, ақпан айында толық мәлімет береді.

Бұл жаңалықты белсенділер мен құқық қорғау ұйымдары үлкен қуанышпен қарсы алды:

Жаңа құжатқа сәйкес ЕО елдері өзгерістерді орындауға жауап беретін өкілдерді тағайындауы керек.

Жақында болған отырыста АҚШ саясаткерлері де бет-әлпетті тану қызметінің қарқынды дамып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Factcheck.kz