Deepfake апокалипсис: жасанды интеллект үлкен және табысты бизнеске айналуда

Еуропа баспасөзі бойынша тәуелсіз кеңестер Альянсының халықаралық конференциясында Стэнфорд университетінің журналисі, зерттеуші Том Ван де Вехе жаңа технологиялар мен жасанды интеллектің артықшылықтар мен кемшіліктері туралы айтып берді.

Бүгінгі күні ақпараттың 15% жасанды интеллект арқылы автоматтандырылуы мүмкін. ЖИ жаңалықтарды жинауға, контент жасауға және ақпаратты тексеруге көмектеседі. Сондықтан жасанды интеллект журналистикада тиімді көмекші бола алады.

Алайда журналистің айтуынша әрбір жаңа технология, телефон немесе компьютер болсын, медиа өндіріске әсер етеді. Жасанды интеллект те өз үлесін қосуда.

Жасанды интеллект пен машиналық оқытудың дамуымен қатар, deep fake сияқты синтетикалық (қолдан жасалған) медиа пайда болды.

Барлығы интернеттегі порно роликтерден басталды. Дипфейк порноларда актерлердің бетін белгілі тұлғалардың кейпіне ауыстыра бастады. Тіпті видеоның шынайлығын тексеру қиындай түсті.

Ван де Вехтің пікірінше технологиялық апокалипсис, оны ішінде дипфейктер апокалипсисі дегеніміз : машиналық оқыту + жалған ақпарат

Жасанды интеллект пен дипфейктердің дамуында бірнеше үрдістер бар:

  1. Дипфейктер жасау оңайлана түсті (ашық кодтар, адамдар тіпті дипфейк арқылы табыс тапты).
  2. Кез-келген адам дипфейктердің құрбаны бола алады. Әдетте атақты адамдар дипфейктің құрбанына айналады. Өйткені ашық деректе олар жайлы ақпарат көп.
  3. ЖИ көмегімен бетті ауыстыруға, дауысты қолдан жасауға, Point сияқты қарапайым графикалық редакторларда суреттердің мазмұнын өзгертуге болады.
  4. Жақында Стэнфордта жаңа алгоритм ойлап тапты. Алгоритм видеодағы сөздерді және сөйлеушінің мимикасын өзгертуге мүмкіндік береді. Сондықтан сөздер еріннің қозғалысымен бірдей болады.
  5. Дипфейктер үлкен және табысты бизнеске айналды.
  6. Сапалы жасалған дипфейкті шын фото немесе видеодан ажырата алмайсын.
Factcheck.kz