Цукерберг Трамптың жазбасын таңбалаған Twitter-ге қатысты пікір білдірді

Марк Цукерберг Трамптың жазбасының шынайлығына күмән келтірген Туиттерге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша әлеуметтік желілер қолданушылардың пікіріне цензура орнатпауы тиіс. Бұл туралы Цукерберг Fox News арнасына берген сұхбатында айтты.

«Меніңше біздің саясатымыз Туиттерден өзгеше. Facebook-тің адамдардың желіде жазатын нәрселерінің төрешісі болмауы тиіс екеніне сенімдімін», – дейді Цукерберг.

Оның ойынша егер жекеменшік компания адамдарға өз көзқарастын білдіру ге платформа ұсынса, олардың пікірін цензураға ұшыратпауы тиіс.

Алайда Цукербергтың бұл сөзінен соң Австралиялық бірнеше басылым ол туралы сатиралық мақала жариялайды. Мысалы The Chaser сайты Цукебергтың қате пікір білдіргенін көрсету мақсатында “Балаларды аздырушы Марк Цукерберг: Әлеуметтік желілер жазбаларға фактчек жасамауы тиіс” деген тақырыппен мақала жариялады.

Цукерберг Трамптың жазбасын таңбалаған Twitter-ге қатысты пікір білдірді

Ал The Shovel басылымы “36 жасында қайтыс болған Марк Цукербергтың ойынша әлеуметтік желілер жазбаларға фактчек жасамауы тиіс” деген мақала жариялады.

Цукерберг Трамптың жазбасын таңбалаған Twitter-ге қатысты пікір білдірді
Factcheck.kz