Алматыда OEF-2019 форумы өтіп жатыр

Алматыда 2-ші «Ашық экономика» форумы өтіп жатыр. Форумда институционалды реформалар, адами капитал және олардың инклюзивті экономикалық дамуға ықпалы және т.б. тақырыптар талқыланатын болады.

Форум бағдарламасы мен мақсаты іс-шараның барлық қатысушыларының басын қосып, негізгі экономикалық терминдерді қарапайым тілмен түсіндіріп, проблемалардың шешу жолдарын талқылауға бағыттайтын болады.

Бұл жолғы форумның басты қонағы – экономика ғылымдарының докторы, SciencesPo университетінің профессоры, Ресей экономика мектебінің бұрынғы ректоры, Еуропа қайта құру және даму банкінің бұрынғы бас экономисі Сергей Гуриев.

Алматыда OEF-2019 форумы өтіп жатыр
ekonomist.kz

Сонымен қатар, спикерлер Қазақстандағы институционалды реформалар мен тұрақты экономикалық дамудың өзара байланысын қарастырып, Қазақстандағы экономикалық және саяси бәсекелестік маңызын талқылайтын болады. Олар «ауқатты және бақытты болу үшін әр қазақстандық азаматқа қанша қаражат керек» деген сұраққа нақты жауап береді және Қазақстаннан өзге елдерге ой жылыстауын тоқтату мәселесі бойынша өз болжамдарын ұсынады. Спикерлердің толық тізімін Ekonomist.kz сайтынан көре аласыздар.

Форумның онлайн-трансляциясын Ekonomist.kz-тің Facebook парақшасынан көре аласыздар. Сұрақтарыңыз болса онлайн-көрсетілім кезінде қойсаңыздар болады.

Алматыда OEF-2019 форумы өтіп жатыр
ekonomist.kz

Ақпарат үшін:

«Ашық экономика» форумы – бұл Қазақстандағы инклюзивті, тұрақты және ұзақмерзімді экономикалық дамудың жаңа бағыттарын талқылауға арналған интербелсенді алаң.

Бірінші «Ашық экономика» форумы Астана қаласында 2017 жылдың қарашасында өтті.

Сорос-Қазақстан қоры (СҚҚ) – үкіметтік емес ұйымдар, билік органдары және бизнес арасындағы серіктестікті дамыту арқылы толерантты, белсенді қоғамды және жауапты, айқын үкіметті насихаттауды қолдайтын үкіметтік емес қайырымдылық ұйымы.

Ekonomist.kz – Қазақстандағы жкономикалық тақырыптарды кәсіби тұрғыда талқылауға арналған ашық онлайн алаң. Күрделі экономикалық құбылыстарды қарапайым тілмен жеткізіп отыратын болады.

 

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz