Al Jazeera арнасы QatariLeaks-ті бұғаттауды өтініп фейсбукке хат жолдады

Al Jazeera сайты QatariLeaks-тің фейсбуктағы және инстаграмдағы парақшаларын бұғаттауды өтініп Facebook-ке хат жолдады. Бұл жайлы Vice хабарлайды.

Катар телеарнасының пікірінше, парақша әкімшілігі БАӘ-нен шыққандықтан Сауд Арабиясы Үкіметінің мүддесі үшін әрекет етеді. Олардың мақсаты Al Jazeera-ның беделін түсіру.

QatariLeaks Әл- Жазираны террористердің іс-әрекетін қолдайтын және ақтайтын қауіпті медиа ретінде көрсетуге тырысады дейді басылым. Сонымен қатар америкадағы медианың да солай ойлауына әсер етуде.

Әл- Жазираның айтуынша QatariLeaks саудтықтарды “жақсы” етіп көрсету үшін жалған ақпарат таратумен айналысады.

БАӘ өзінің геосаяси мақсаттарына жету үшін әлеуметтік медианы пайдаланып отыр. Facebook пен Instagram осындай мәселелермен күресіп отыр емес пе

Al Jazeera заңгері Мохаммед Осман Абу Бейкер.

Хат авторлары негізделіп отырған зерттеушілердің ақпаратына сәйкес QatariLeaks-тің әлеуметтік желідегі парақшалары екі жылдан бері жұмыс істеп келеді. Парақшалар желіде үгіт-насихат жүргізудің басты құралына айналған.

QatariLeaks өзін Катардың Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкаға қатысты сыртқы саясатын зерттейтін “жас ерікті жазушылар” ретінде таныстырған. Facebook-тегі парақшасын Египетте алты пайдаланушы басқаратыны анықталды.

Facebook пен Instagram өкілдері өтініш хатқа да, Vice News-тың осы мәселе бойынша жолдаған сауалына әлі жауап берген жоқ .

Factcheck.kz