АҚШ-та домендік атауды ұрламақшы болған инстаграм-блогерді соттады

Айова штатының соты шабуыл жасау арқылы өзіне қажетті домендік атауды ұрламақшы болған инстаграм қолданушысын 14 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы АҚШ Әділет министрлігі хабарлайды.

2015 жылы блогер Росси Лоратио Адамс II (Rossi Lorathio Adams II) Инстаграмда, Твиттерде және Snapchat «State Snaps» аккаунтын басқарды. Парақшаларда сауық кештерінде мас және жартылай жалаңаш студенттердің видеосын жариялап отырған.

The Washington Post-тың мәліметі бойынша Адамстың инстаграм парақшасында 1,5 миллион оқырман бар.

Блогер университет әкімшілігі мен әлеуметтік желі қолданушылары парақшадағы контентке байланысты шағымданатынын айтты. Алайда, парақшаны жүргізуді тоқтатпады.

Адамс аккаунттарында #DoItForState ілмегі көп қолданылды. Бұл ілмек арқылы оқырмандар өзін видеодағы кейіпкерлер сияқты ұстап, Адамстың желідегі парақшаларына жібереді. Блоггер doit4state.com доменін тіркегеніне қарамастан, ол doitforstate.com домендік атауын алғысы келді. Алайда бұл домендік атау Айова тұрғыны Итан Дейоға (Ethan Deyo) тиесілі еді. Олар бір-бірін танымайтын.

Екі жыл бойы Адамс Дейодан домендік атауды сатып алуға тырысты. Бір кезде Итан Дейо доменді 20 мың долларға (8 миллион теңгеге жуық) сататынын хабарлады. Бірақ Адамс бағаның тым қымбат екенін айтты.

Дейо блогердің сұрауларына жауап беруді тоқтатқан кезде, блогер оны қорқыта бастады. Ол ер адамның достарына эмодзи тапаншасын жіберетін еді. Бір күні Дейоның үйіне келіп, “доменді алмай, кетпеймін”деп мәлімдеген. Алайда, блогер дегеніне жетпеді.

2017 жылдың шілдесінде Адамс қорқытып-үркітудің қатал әдісіне көшуді шешті. Ол өзінің немере ағасы Шерман Хопкинстен (Herman Hopkins) Итанның үйіне басып кіріп, қарумен қорқытуды сұрады. Бұған дейін Хопкинс тұрмыстық зорлық-зомбылық, сотта жалған сөйлеу, мас күйінде көлік айдау және күш көрсету бойынша сотталған.

2017 жылы Хопкинс 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал 2018 жылдың сәуір айында алқабилер соты блогерді қылмысты ұйымдастырушы деп таныды.

Factcheck.kz